|
"Қазтрансойл" АҚ мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19, Б блогы Кеңсе: тел. +7 (7172) 555-145, факс +7 (7172) 555-148
|
Eң бастысы > Жаңалықтар, оқиғалар, қорытындылар > «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральды мұнай құбыры коммерциялық пайдалануға берілді ![]() Жаңалықтар, оқиғалар, қорытындылар «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральды мұнай құбыры коммерциялық пайдалануға берілдіБүгін 2009 жылғы 9 қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ «Кеңқияқ – Құмкөл» жаңа мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдауды бастады.«Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры Қазақстан – Қытай экспорттық мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңінің бірінші кезегі болып табылады. Оның құрылысын қазақстандық «ҚазТрансОйл» АҚ пен қытайлық CNODC бірлескен кәсіпорны «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС жүзеге асырды. Мұнай құбыры желілік бөлігінің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды, бұл осы жылдың 11 шілдесінде жаңа құбырды технологиялық мұнаймен толықтыру үдерісін бастауға және оны қыркүйекте ойдағыдай аяқтауға мүмкіндік берді. «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбырының жалпы ұзындығы 793 километрді құрайды, құбыр диаметрі – 813 мм. Оның алғашқы кезеңдегі өткізу қабілеті жылына 10 млн. тонна мұнайды құрайды, одан әрі қарай жылына 20 млн. тоннаға дейін кеңейтіледі. Қазіргі кезде осы құбыр бойынша негізгі мұнай жүк жөнелтуші «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ болып табылады. ҚР ЭМРМ бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сай, осы жылдың қазан айында «Кеңқияқ – Құмкөл» бойынша 139 мың тонна мұнай тасымалдау жоспарланған. Келешекте осы мұнай құбырымен Батыс Қазақстаннан және Каспий теңізінің қазақстандық секторынан мұнай тасымалдау көзделіп отыр. Баспасөз қызметі
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||