| Жалпы ақпарат | Өндірістік қызмет | Қаржы және экономика | Топтық басқару | Кадр саясаты | Әлеуметтiк саясаты | Сатып алу | Жаңалықтар, оқиғалар, қорытындылар |
"Қазтрансойл" АҚМекенжайы:
Кеңсе:
Жарияланымдар |
Тарифтік саясат
Қоғам барлығы 68 реттелетін қызмет көрсетеді. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне арналған тарифтер реттелетін қызметтер көрсету үшін қажетті шығындар құнынан төмен болмауға және субъектінің тиімді қызметін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігі ескерілуге тиіс. Реттелетін қызметтерге тарифтерді уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бекітеді. Қазіргі кезде қолданылып жүрген Магистральды құбырлармен мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерді есептеу әдістемесі Агенттіктің 2007 жылғы 27 шілдедегі №202-НҚ бұйрығымен бекітілген. Осы Әдімтемеге сәйкес учаскелер бойынша мұнай айдауға арналған тарифтер меншік тариф, яғни 1 тонна мұнайды 1000 км-ге айдауға арналған тариф негізінде есептеледі. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жүктемені жетілдіру мақсатында тариф деңгейін есептеу кезінде экспорттық бағыттар мен транзиттік мұнайды тасымалдау есебінен ішкі нарық бағыттарын субсидиялауға жол беріледі. Сонымен бірге Агенттіктің 2004 жылғы 5 шілдедегі №304-НҚ бұйрығымен Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілді. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды құбырлары жүйесімен мұнай тасымалдау жөніндегі мына қызметтерге жаңа тарифтер енгізілді:
Бұдан басқа Атырау МАС-та мұнайды темір жол шандарына құю жөніндегі қызметтерге арналған, 1 тонна үшін ҚҚС есебінсіз 304,18 теңге мөлшерінде белгіленген тәртіпте бекітілген тариф 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін болды. Кеңқияқ ЖӨДС-та мұнайды ауыстырып құю жөніндегі қызметтерге арналған, 1 тонна үшін ҚҚС есебінсіз 20,24 теңге мөлшерінде оңайлатылған тәртіпте бекітілген жаңа тариф 2009 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді. | |||