"Қазтрансойл" АҚ


Мекенжайы:
  • Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19, Б блогы

Кеңсе:
  • тел. +7 (7172) 555-145,
  • факс +7 (7172) 555-148


Жарияланымдар


"ҚазТрансОйл" АҚ қызметi туралы келбеттiк буклет

"ҚазТрансОйл" АҚ қызметi туралы келбеттiк буклет
 көшіріп алу (3347.9 kB)
top_15

«ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтiк саясаты


sm_sozҚазТрансОйл өндірістік қызметпен қатар қоғамның мәдени және ізгілік салаларын қолдау мен дамытуға бағытталған халықтың қорғалмаған қатарына көмек көрсету, білім саласы, денсаулық сақтау, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, қоғамдық маңызды іс-шараларды өткізулерді қосқанда, маңызды әлеуметтік жұмыстар өткізеді.





Осы заманғы, табысты әрі серпінді дамушы компания ретінде ҚТО өзінің қайырымдылық бағытын өз игілігіне ғана емес, сонымен қатар қоғамның да, мемлекеттің де игілігіне жауапты қуатты әлеуметтік құралға айналдыра білді.

Компания көптеген жылдар бойына ауқымды әлеуметтік жұмыс жүргізіп келеді, Қазақстанның қуаңшылық өңірлері халқы мен тұтынушыларын ауыз сумен қамтамасыз ету, Маңғыстау облысында суармалы құнарлы жерлерді кеңейту және көкөніс өндіруді дамыту, өңірлерді қолдау мен дамыту, Қазақстанның әр өңіріндегі балалар үйлері мен мектеп интернаттарына, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес мекемелерге материалдық көмек көрсету, өз қызметкерлеріне қамқорлық жасау және көптеген басқалары осының нәтижесі.

Компания басшылығының іске асырып отырған ішкі де, сыртқы да әлеуметтік жауапкершілігі тиімділік әкеліп отыр. Әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алып отырған компания тұтынушылар мен инвесторлар алдында тұрақты әлеуметтік жауапкершілікті компания беделіне ие болды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Астрахань – Маңғыстау суағызғысы

Компанияның қайырымды істерінің бірі - әлемдегі ең ұзын Астрахань – Маңғыстау магистральды суағызғысымен тұщы суды пайдалану және беру.

Осы суағызғы нағыз өмір желісі болып отыр, өйткені жиырма жылдан артық уақыт бойына Қазақстанның қуаңшылықты Маңғыстау және Атырау облыстарының, суағызғы бойына орналасқан қалалары мен ауылдары тұрғындарын тұщы сумен тұрақты қамтамасыз етіп отыр, өңірдің мұнай өндіруші, өнеркәсіптік орындарына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге су береді.

photo

Қазіргі уақытта суағызғының ұзындығы 2 154,8 километрді құрайды. Оның құрылысы 1985 жылы басталған. Бас тазарту құрылыстары мен сорап стансалары қатар салынды. Қажетті сынақтардан өткеннен кейін 1988 жылы суағызғы өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Дәл сол уақыттан бастап Қазақстанның батыс өңірлері үшін әр күнгі қызметі өмірлік маңызды суағызғының тарихы басталады.

Бүгінгі күні Астрахань – Маңғыстау суағызғысы тәулігіне 50-60 мың текше метрге жуық су жеткізеді, оның қомақты бөлігі сусыз аудандар тұтынушыларының шаруашылық және тұрмыстық қажеттіліктеріне жұмсалады. 22 жыл қызметі ішінде суағызғымен барлығы 400 млн. текше метрден артық су берілді.

Құлсарыға арналған су

Суағызғының негізгі тұтынушыларының бірі – Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындары.

Қаланың 40 мыңнан астам тұрғындары ауыз сумен суағызғыдан ғана қамтамасыз етіледі. Қала тәулік сайын 4-5 мың текше метр немесе жылына екі миллион текше метр су тұтынады. Мұнайшылар өңірі Жылыой ауданы осыдан 110 жыл бұрын өңірдің мұнай кәсіпшілігін қарқынды дамытуға бастама болған алғашқы мұнай тура осы жерде атқылағанымен әйгілі.

Қатаң климаттық жағдайларды (жазда орташа температура 42°С болады) және тұщы судың табиғи көздерінің болмауын назарға алып, «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын халықтың қорғалмаған қатарын ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде көмек көрсетеді.

Сондай-ақ компания тозған сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге қалаға бірнеше рет материалдық көмек көрсетті. Атап айтқанда 2006 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге және халықтың қорғалмаған қатарына көмекке 40 миллион теңге бөлді. Сол жылы компания «Көмек» қоғамдық қорының Құлсарыдағы мектептердің бірінің қатты тозған шатырын жөндеу туралы өтінішін құп алып, осы мақсатқа 5 миллион теңге бөлді. 2007 жылы компания ауыз суға мұқтаж құлсарылықтарды үздіксіз қамтамасыз ету үшін 25 миллион теңге бөліп, қала тұрғындарына кезекті рет қолдау көрсетті. 2009 жылы әлемдік дағдарысқа байланысты шығыстардың елеулі қысқарғанына қарамастан компания әлеуметтік қызметке үнемдеп қалмады және қала халқының қорғалмаған қатарына 10 миллион теңге бөлу мүмкіндігін тапты.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау

photo
«ҚазТрансОйл» АҚ ұзақ жылдар бойына егіс егілетін жерлерді суаруға қажетті еділ суына ақы төлеу бөлігінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне қолдау көрсетіп келеді.

Осы өңірде халықты тұщы сумен қамтамасыз ету қашанда өткір мәселе, өйткені ол шөлейт аймақта орналасқандықтан мұндағы су ресурстары қашанда шектеулі.

2006 жылдың өзінде Еділ суын жеткізу қызметтеріне төлеу үшін компания ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге 20 миллионнан артық теңге бөлді. Маңғыстау облысының шөлейт жерлеріне өмір нәрі тұрақты түрде керек екендігін ескере отырып, ҚТО 2007-2008 жылдарда ауыл тұрғындарын назардан тыс қалдырмады, оларға жыл сайын 10 миллион теңгеден жіберіп отырды. «ҚазТрансОйл» АҚ көрсетіп отырған көмек арқасында «Төңірекшін» аумағындағы шөлейт жерлерде егіншілер қарбыз, қауын, қызанақ, баялды, қызылша және басқа бақша және көкөніс өнімдерін өсіруде. Астрахань – Маңғыстау суағызғысымен қол жетімді бағамен жеткізілетін Еділ суы жүз гектар жерде 100 тоннадан астам бақша және көкөніс өнімдерін өсіруге, өңделетін жерлерді тамшылатып суарудың жаңа технологиясын енгізуге мүмкіндік берді. 2009 жылы «Жарылқау» қорының жерлерді суаруға берілетін Еділ суына төлем жасау үшін көмек сұраған өтінішіне көңіл бөліп, ҚТО ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге 15 миллионнан астам теңге бөлді.

Көкөніс өндірушілер жыл сайын суармалы аумақты кеңейтіп келеді, бұл Жаңаөзен тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді және қала базарындағы көкөніс өніміне бөлшек бағаны төмендетеді, ал бұл қала тұрғындары үшін үлкен демеу. «ҚазТрансОйл» АҚ Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы қол жетімді бағамен үздіксіз су беру нәтижесінде Жаңаөзен қаласының қосалқы шаруашылығын дамытуға бағалы үлесін қосты және әлі де қоса береді.

2008 жылғы қыркүйекте Қазақстан Үкіметі Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешу жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, осыған сай «ҚазТрансОйл» АҚ Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына жеткізіп дайындауға және Еділ суын өңірге жеткізу көлемін тәулігіне 50 мың текше метрге дейін ұлғайтуға арналған су тазарту құрылысын салуға өзіне міндеттеме алды. Бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыстардың осы түрі үшін ТЭН әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Маңғыстаулықтар үшін өмірлік маңызды жаңа объектіні пайдалануға қосу және халыққа тұщы су беру көлемін арттыру 2012 жылға жоспарланып отыр.


Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«ҚазТрансОйл» АҚ «Шырақ» қоғамдық мүгедектер қорына тұрақты негізде сауықтыруға және қоғамдағы мүгедектерді оңалту және біріктіру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізуге көмек көрсетеді. 2007 жылы Орал қаласында ашылған бұл қоғамдық ұйым қайырымдылық жарналарымен ғана өмір сүріп отыр, соның арқасында қордың нашар көретін мүшелері көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу, әртүрлі қоғамдық іс-шараларға қатысу және шипажайларда сауықтыру курстарынан өтуге мүмкіндік алды.

2009 жылы компания «Шырақ» қоғамдық қорына 500 мың теңге бөлді, соның нәтижесінде алты мүгедек «Қарғалы» шипажайында, сегізі «Ақжайық» шипажайында емдеу-сауықтыру курсынан өтті. Сондай-ақ былтырғы жылы «Наурыз-мейрамы» мерекесіне компания «Шыраққа» шахматтан жарыс өткізуге көмектесті, оған нашар көретін балаларға арналған облыстық арнайы мектеп интернат, Орал қарттар және мүгедектер интернат үйі, қалалық мүгедектер қоғамы қатысты.

2010 жылғы 12 наурызда Алматы облысы Қызылағаш ауылында болған су бөгетінің бұзылуынан мыңдаған адам зардап шеккен қайғы ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ. Қызылағаш ауылының 70 пайызынан астамы бұзылып, адамдар баспанасыз қалды.

Көптеген ірі қазақстандық компаниялар қатарында «ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы да 20 миллионнан артық теңге жинап, табиғи апаттан зардап шегіп баспанасыз қалған қазақстандықтардың қайғысынан шет қалған жоқ. Бүгінде ауыл тез арада қалпына келуде, соңғы деректер бойынша 450 тұрғын үй салынып жатқан зардап шеккен ауылда 17 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілуде, 20-дан астам жаңа үйдің негізі қаланды.

ҚТО қызметкерлері жинаған қаражат Қызылағаш ауылына ауыл адамдарының үйлері мен шаруашылықтарын жедел қалпына келтіруі үшін «Алматы облысы жұмылдырып дайындау, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарма» ММ-ға аударылатын болады.

Ұрпаққа қамқорлық

photo
Компания жыл сайын балалар үйлеріне және мектеп интернаттарға киім, жиһаз, қажетті жабдықтар, оқулықтар және т.б. сатып алуға материалдық көмек көрсетіп отырады.

2009 жылы дәстүр бойынша ҚТО Батыс Қазақстан облысының балалар үйлері мен мектеп мекемелерінің бірқатарына көмек көрсетті. Мүгедек балалардың қоғамда жұмысқа ертерек бағдарлау және әлеуметтік бейімделуі үшін құрылған мүгедек балалардың үкіметтік емес ұйымы «Қайырымдылық» балалар қоғамына балалар киімдерін сатып алуға компанияның көрсеткен көмегі ерекше атап өтуге тұрады.

Бүгінгі күні «Қайырымдылық» 4 – 18 жас аралығындағы әртүрлі сырқатқа шалдыққан 54 сәби мен баланы қамтиды, олардың оннан артығы төсекке таңылған.
Балалар қоғамының осындай мүшелеріне үйде көмек көрсетіледі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін ескере отырып, компания әрқашан «Қайырымдылықтың» көмек сұраған өтінішіне құлақ асады және мүмкіндігінше оларға қолдау көрсетеді.

Жұртшылықпен байланыс

«ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын Еуразия Медиа Форумына демеушілік көрсетеді.

Биылғы жылы да компания жылдағы дәстүрінен ауытқымай Алматы қаласында өткен IX Еуразия медиа-форумын (27-28 сәуір 2010 жыл) қолдап, кезекті демеушілік жарнасын аударды.

Еуразия Медиа-Форумы —халықаралық белгілі медиа-бастамашылық, оның мақсаты – Еуразия БАҚ-ның кәсіби дамуын қолдау және Еуразия өңірінің даму ерекшеліктері туралы ақпаратты тарату. Халықаралық өмірдің басты оқиғалары және олардың әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісі әрқашан Еуразия Медиа Форумының басты назарында.

IX конференция жұмысына ЕҚЫҰ жоғары буынының өкілдері, әлемдік медиа қоғамдастығының, талдау орталықтарының және басқа да ықпалды халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Ұжым инвестициялары

«ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметкерлеріне медициналық сақтандыру, материалдық көмек, оның ішінде қызметкерлердің еңбек демалысы уақытында емделуіне және сауығуына және көптеген басқаларын қамтитын әлеуметтік қызметтер топтамасын ұсынады.

photo
Сақтандырудың көмегімен компания қызметкерлері Қазақстанның жетекші медициналық мекемелеріне қаралып, қажетті емін ала алады.

Декреттік демалыста отырған қызметкерлерге бала бір жарым жасқа толғанша компания ай сайын жәрдемақы төлейді.

Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметкерлері балаларының мектепке дейінгі тәрбиесін өзі көтереді және ақы төлеуге қамқорлық жасап, олардың балабақшаларда болу құнын ішінара жабады.

Мектеп жасындағы балалар да назардан тыс қалған жоқ, «ҚазТрансОйл» оларға жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі демалыс құнын ішінара қайтарады. «ҚазТрансОйл» уақытында компанияның дамуына және оның қызметінің табысына өзінің бар күші мен білімін жұмсаған, ал бүгінгі күні құрметті демалыста жүрген қызметкерлерін де қамқорлығына алған.

Зейнетке шығу кезіндегі міндетті материалдық көмектен басқа компания барлық мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелер кезінде өзінің бұрынғы қызметкерлерін ұмытпайды, олар үшін бір мезгілді ақшалай жәрдемақылар немесе естелік сыйлықтар көзделген.

Спорт

photo
«ҚазТрансОйлда» спорттық өмір салтын дамыту бағдарламасы бұрыннан қалыптасқан әрі белсенді іске асырылып отыр.

Бұл үшін компания есебінен спорт-сауықтыру клубтарына барумен қатар, жыл сайын спорттың әр түрінен спартакиадалар өткізіліп тұрады. Қызметкерлердің жарысқа деген ұдайы ынтасын атап өткен орынды. 2010 жылғы 27 – 30 қыркүйекте Атырауда спорт-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы құбыр көлігінің 75 жылдығына арналған спартакиада өткізілді. Бұл спартакиадаға өндірістік филиалдан басқа алғаш рет «Қазақстан –Қытай құбыры» ЖШС, «МұнайТас» СБҚК АҚ және Batumi Industrial Holdings Limited еншілес компаниялар өкілдері де қатысты. Жарыс спорттың: волейбол, футбол, стол теннисі, жүзу, жеңіл атлетика түрлерінен өтті.






Қазақстан Республикасы құбыр көлігінің 75 жылдығына арналған спартакиада қорытындылары:

Жалпы командалық есеп:
1-орын – Батыс филиал
2-орын – Шығыс филиал
3-орын – «МұнайТас» СБҚК АҚ

Шағын футбол бойынша нәтижелер:
1-орын – Батыс филиал
2-орын – Батуми Индастриал Холдингс Лимитед
3-орын – Шығыс филиал
photo

Волейбол бойынша нәтижелер:
1-орын – «МұнайТас» СБҚК АҚ 2-орын – Батыс филиал
3-орын – Шығыс филиал
photo

4 * 100 м. эстафета бойынша нәтижелер:
1-орын – Батыс филиал
2-орын – Шығыс филиал
3-орын – ҰПЕО филиалы

Ерлер арасында стол теннисінен нәтижелер:
1-орын – Шығыс филиал, Әшірәлі Бедебаев
2-орын – «МұнайТас» СБҚК АҚ, Ли Шу Вэн
3-орын – Батыс филиал, Ф.Тәшібаев

Әйелдер арасында стол теннисінен нәтижелер:
1-орын – Батыс филиал, Әлия Мұқанова
2-орын – «МұнайТас» СБҚК АҚ, Жень Янь-цюнь
3-орын – Орталық аппарат, Гүлмира Ержанова

Ерлер арасында жүзу бойынша нәтижелер:
1-орын – «МұнайТас» СБҚК АҚ, Әлішер Иманов
2-орын – Шығыс филиал, Ербол Мырзабеков
3-орын – ҰПЕО филиалы, Айбек Мұқышев

Әйелдер арасында жүзу бойынша нәтижелер:
1-орын – Шығыс филиал, Ирина Филяева
2-орын – «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС, Мәдина Әуесхан
3-орын – Орталық аппарат, Гүлмира Ержанова

Ерлер арасында 60 м. жүгіру нәтижелері:
1-орын – «МұнайТас» СБҚК АҚ, Қуаныш Серікқажы
2-орын – Батыс филиал, Р. Жұбашев
3-орын – ҰПЕО филиалы, Нұржан Сиқымов

Әйелдер арасында 60 м. жүгіру нәтижелері:
1-орын – Шығыс филиал, Татьяна Зубайдулина
2-орын – «МұнайТас» СБҚК АҚ, Г. Уәлиева
3-орын – «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС, Айнұр Түзелбаева

«Мамандығы бойынша таңдаулы» конкурсы

photo
Қызметкерлерді оқыту, біліктілік деңгейін арттыру компанияның басымдықты істері тізімінде алдыңғы орындардың қатарында тұр, кәсіпорында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында, бейін колледждерде мақсатты даярлаудан және қайта даярлаудан өткен мыңдаған білікті маман еңбек етеді.

«Мамандығы бойынша таңдаулы» жыл сайынғы конкурсы үздіктердің үздігін анықтаудың және көтермелеудің ұтымды әдісі, бұл сайыста компанияның барлық құрылымдық бөлімшесінің жоғары білікті мамандары өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді. 2010 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-та кәсіби шеберлік сайысы ҚТО Батыс филиалы Оқу-курстық комбинаты базасында өтті. Белгіленген ережеге сай конкурс үш кезеңде өтті. Жеңімпаздар үш өлшем: ісжүзілік тапсырманың орындалу сапасы, теориялық дайындық деңгейі, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша ереженің сақталуы бойынша анықталды. Еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтарды, алғашқы медициналық көмек көрсету амалдарын, қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындау әдістерін білу деңгейі де бағаланды.

2010 жылғы «Мамандығы бойынша таңдаулы» конкурсының жеңімпаздары:

Тауар операторы мамандығы бойынша:
1-орын – Ирина Геннадьевна Ысқақова, Батыс филиал Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы «Ақтау» БМАС тауар операторы.
2-орын – Аман Бағытжанұлы Бағытжанов, Шығыс филиал Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Павлодар» БМАС ҚТБ сұйыққойма паркінің тауар операторы.

photo
-->желілік құбыршы мамандығы бойынша:
1-орын – Василий Анатольевич Крылов, Шығыс филиал Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Павлодар» БМАС тірек апаттық-қалпына келтіру бекетінің желілік құбыршысы.
2-орын – Юрий Алексеевич Гембарь, Батыс филиал Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы апаттық-қалпына келтіру бекетінің желілік құбыршысы.

электр-газбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша:
1-орын – Асылбек Абайұлы Жантеміров, Шығыс филиал Павлодар мұнай құбыры басқармасы тірек апаттық-қалпына келтіру бекетінің электр-газбен дәнекерлеушісі.
2-орын – Абзал Кекілбайұлы Айтқали, Батыс филиал Құлсары мұнай құбыры басқармасы апаттық-қалпына келтіру бекетінің электр-газбен дәнекерлеушісі.

химиялық талдау зертханашысы мамандығы бойынша:
1-орын – Айнакүл Махамбетқызы Әшімбекова, Батыс филиал Атырау мұнай құбыры басқармасы орталық химиялық зертханасының химиялық талдау зертханашысы.
2-орын – Асылжан Қарағойшықызы Қасымова, Шығыс филиал Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Павлодар» БМАС ҚТБ химиялық талдау зертханашысы.

технологиялық жабдықтарды жөндеуші және оларға қызмет көрсетуші слесарь мамандығы бойынша:
1-орын – Нұртай Қуандықұлы Жарманов, Батыс филиал Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызмет көрсету базасының технологиялық жабдықтарды жөндеуші және оларға қызмет көрсетуші слесары.
2-орын – Дмитрий Владимирович Ковбасюк, Шығыс филиал Қарағанды мұнай құбыры басқармасы «Атасу» БМАС технологиялық жабдықтарды жөндеуші және оларға қызмет көрсетуші слесары.

бақылау өлшеу аспаптары және автоматика слесарі мамандығы бойынша:
1-орын – Федор Борисович Ротнов, Батыс филиал Атырау мұнай құбыры басқармасының «Атырау» мұнай айдау стансасы БӨАжА тобының БӨАжА слесары.
2-орын – Ғалымжан Аманжолұлы Жанғазиев, Шығыс филиал Павлодар мұнай құбыры басқармасының АБЖ учаскесі ТШ тобының БӨАжА слесары.

электр монтер мамандығы бойынша:
1-орын – Сергей Михайлович Пастухов, Батыс филиал Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасы энергетика жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету учаскесінің энергетика жабдықтарын жөндеуші және оларға қызмет көрсетуші электр монтері.
2-орын – Владимир Михайлович Сернецкий, Шығыс филиал Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Прииртышск» МАС энергетика учаскесінің энергетика жабдықтарын жөндеуші және оларға қызмет көрсетуші электр монтері.

мұнай айдау стансасы операторы мамандығы бойынша:
1-орын – Бекзат Қанатұлы Шұға, Шығыс филиал Қарағанды мұнай құбыры басқармасы «Атасу» БМАС операторы.
2-орын – Әлия Маратқызы Мұқанова, Батыс филиал Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Ақтау» БМАС операторы.

2010 жылғы 10 – 13 тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ халықаралық кәсіби шеберлік байқау сайысына қатысты, бұл сайыста үздік шығу үшін «АК «Транснефть» ААҚ, «Укртранснафта» ААҚ және «Гомельтранснефть Дружба» РБК мұнай құбыршылары жарысты. Биыл жарыс «АК «Транснефть» ААҚ-тың еншілес компаниясы «Приволжскнефтепровод» АҚ өндірістік нысандары базасында өтті.

Халықаралық конкурс нәтижелері



photo


Шығыс филиал Павлодар мұнай құбыры басқармасының
«Павлодар» БМАС тірек апаттық-қалпына келтіру бекетінің желілік құбыршысы
Василий Анатольевич Крылов «желілік құбыршы» сайысында алтын медальды иеленді.

photo


Екінші орын мен күміс медаль алғандар:


Батыс филиал Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы
«Ақтау» БМАС тауар операторы Ирина Геннадьевна Ысқақова


Шығыс филиал Павлодар мұнай құбыры басқармасы тірек апаттық-қалпына келтіру бекетінің электр-газбен дәнекерлеушісі
Асылбек Абайұлы Жантеміров


Үшінші орын мен қола медаль алғандар:


Шығыс филиал Қарағанды мұнай құбыры басқармасы
«Атасу» БМАС операторы Бекзат Қанатұлы Шұға


Батыс филиал Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасы энергетика жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету учаскесінің энергетика жабдықтарын жөндеуші және оларға қызмет көрсетуші
электр монтері Сергей Михайлович Пастухов


photo
Министерство энергетики и минеральных ресурсов РКАгентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополийсамрук-казынаКазМунайГаз

munaitaswww.kcp.kzkaztransoil-servicehalykfundbatumiport
Copyright © KazTransOil, 2001 - 2012. All rights reserved.