| Жалпы ақпарат | Өндірістік қызмет | Қаржы және экономика | Топтық басқару | Кадр саясаты | Әлеуметтiк саясаты | Сатып алу | Жаңалықтар, оқиғалар, қорытындылар |
"Қазтрансойл" АҚМекенжайы:
Кеңсе:
Жарияланымдар |
Өндірістік қызмет
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың халықаралық талаптарға сәйкестігін әлемдік танымал TUV Rheinland InterCert және DNV сертификаттау органдары қуаттады. Компания республикадағы мемлекет жүз пайыз қатысып отырған кәсіпорын болғандықтан, индустриальдық-инновациялық саясатты іске асыру аясында техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде МЫЖ-ды сертификаттауға шешім қабылдады. Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы “ҚазТрансОйл” АҚ МЫЖ ҚР СТ ИСО 9001:2001, ИСО 14001:2004 ұлттық стандарттарының талаптарына да сәйкес екендіген қуаттады. Нәтижесінде “ҚазТрансОйл” АҚ Техникалық реттеу мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркелді және кәсіпорынға тиісті сертификаттар берілді. «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы ойдағыдай сертификаттау фактісі мемлекет пен қоғам игілігі үшін өз қызметін жетілдіру жөніндегі үлкен және тұрақты жұмыстың басы ғана екендігін түсінеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметтерінің сапа деңгейін және тұтынушылардың қанағаттанушылығын ұдайы қадағалап отырады. Мұнай өндіруші компаниялармен қоян-қолтық жұмыс мүмкін болатын жетілдіру саласын айқындауға көмектеседі. Қоғам өз қызметіне сын көзбен қарай отырып өзінің қоршаған ортаға әсер ету деңгейін және «ҚазТрансОйл» АҚ қызметшілері, мердігерлері және келушілері үшін болатын қатер дәрежесін анықтайды. Қоғам басшылығы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына өндірістік қызметтен болатын теріс әсерді мейлінше азайтуға бағытталған іс-шараларды айқындауға тікелей қатысады. «ҚазТрансОйл» АҚ кадрларды даярлау мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Қызметшілер кәсіби білімі мен машықтарын эжетілдіруге де, қоршаған ортаны қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздік үшін жауапкершілікті де жетілдіруге бағытталған оқытудан тұрақты түрде өтіп отырады. «ҚазТрансОйл» АҚ қол жеткенмен тоқтап қалмайды, технологиялық және басқарушылық үдерістерді ұдайы жетілдіріп отырады. Қоғам басшылығы өзіне Менеджмент ықпалдастырылған жүйесін жөнінде міндеттемелер алды және оларды «ҚазТрансОйл» АҚ сапа, экология, денсаулық және қауіпсіздік менеджменті саласындағы саясатына кіргізді. | |||