"Қазтрансойл" АҚ


Мекенжайы:
  • Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19, Б блогы

Кеңсе:
  • тел. +7 (7172) 555-145,
  • факс +7 (7172) 555-148


Жарияланымдар


"ҚазТрансОйл" АҚ қызметi туралы келбеттiк буклет

"ҚазТрансОйл" АҚ қызметi туралы келбеттiк буклет
 көшіріп алу (3347.9 kB)
top_5

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2010 – 2014 жылдарғы кадр саясаты


sm_kad«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2010 – 2014 жылдарғы кадр саясаты (бұдан әрі – Кадр саясаты) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) қызметшілерді басқару қағидаттарын, қадау бағыттарын және деңгейлерін айқындайды. Кадр саясаты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте іске асырылады.






Кадр саясатының мақсаты – қызметшілерді тиімді басқару, Қоғамның адам капиталын нығайту және дамыту, адам капиталында бәсекеліктің басымдық алуы арқылы Қоғамның құнын арттыру.

Кадр саясатының қадау бағыттары:
  1. жоғары кәсіби қызметкерлерді тарту, дамыту және ұстап қалу;
  2. Қоғам қызметшілерін басқарудың озық әдістерін енгізу;
  3. Қоғамның жоғары әлеуетті қызметкерлерінің қорын басқару;
  4. Қоғамда жаңалықтарды және қайта құруларды қолдау;
  5. Қоғам қызметкерлерінің құлқын реттейтін ортақ құндылықтарды, әлеуметтік нормаларды, қонымдарды жасау және әзірлеу.

Кадр саясатының негізгі қағидаттары:

1. Өзара қарым-қатынастардың ұзақ мерзімді сипаты.

Қоғам қызметкерлердің және Қоғамның өзара қырым-қатынасы ұзақ мерзімді болуына ұмтылады.

2. Қызметкерлер біліктілігінің жұмыс орындарына қойылатын талаптарға сәйкес келуі.

Қоғамда мамандарды жұмыс орындарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі негізінде лауазымға қызметтік тағайындау басымдықта болады.

3. Қоғам мен қызметкерлер мүдделерінің және мақсаттарының өзара байланысы.

Қоғам өз қызметшілерін құрметтейді және бағалайды, қызметшілерінің қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын бағдарға ұстайды. Қоғам мақсаттарына жетуі үшін бар Қызметкерлер қайратын салады және оның мүддеріне қызмет етеді.

4. Білімнің және тәжірибенің сабақтастығы, қызметкерлердің дамуына және оқуына басым көңіл бөлу.

Оқуға және дамуға қаржы жұмсау Қоғамның өз стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Қоғам оқудан өткен және төменгі өндірістік буындарда ісжүзілік жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің қызметте өсуін және дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Қоғам қызметкерлердің өз білімін жетілдіріп отыруын, ауыс-түйіс болған және жұмыстан босаған жағдайда ақпарат беруді қолдай отырып, жинақталған білім мен тәжірибенің қолжетімділік жүйесін жасайды. Қоғамда тәлімгерлік дамытылады, қызметкерлер оқиды әрі жинақталған шеберлігін және білімін өз әріптестерімен бөліседі.

5. Сіңірген еңбегіне және қызметінде қол жеткізген нәтижелеріне қарай сыйақы беру мен жылжыту.

Қоғам басқарушылық орындарға жұмыстың ақиқат жоғары нәтижесін көрсеткен қызметкерлерді ұсынуға ұмтылады. Қоғамда жұмыс орындарының стандарттарын (лауазымдық нұсқаулықтар, қызметтің қадау көрсеткіштері, құзырет, білім, машық және т.б. сипаттамасы) жасау, стандарттардың орындалу сапасын бағалау, тиісті стандарттарға сай келетін әрі жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген қызметкерлерді ынталандыру мен көтермелеу арқылы нәтижені басқару жүйесі енгізіледі. Қоғам дара жұмыстың тиімділігін арттыруға ұмтылып қана қоймайды, қызметшілер қызметінің ортақ нәтижесі үшін топтық жауапкершілікті қалыптастыруға алғышарттар да жасайды.

Қоғамның топтық құндылықтары – қызметкерлердің кәсібилігі, олардың еңбегінің тиімділігі, өзара бірін-бірі қолдауы, бірі-бірін, мүдделі адамдарды және тұтас алғанда Қоғамды құрметтеуі.

Қоғамның белсенді өркендеуі үшін кәсібилік, ынталылық, бейімділік, дамуды мақсат етіп қоюшылық, шешім қабылдауға қабылеттілік және жұмыс барысын сауатты ұйымдастыра алушылық құзыреті бар қызметкерлер қажет.

Кадр саясатының негізгі бағыттары – ұйымдық құрылымды жетілдіру, кадрларды жоспарлау, іріктеу және орналастыру, қызметшілерді оқыту және дамыту, қызметкерлердің кадрлар жасағын қалыптастыру, қызметкерлердің нәтижелілігін және ынталылығын басқару жүйесін әзірлеу мен енгізу, топтық мәдениетті қалыптастыру.

Қызметшілерді басқару бағдарламаларының орындалуын тұтастай және әрбір бағытын бөлектей бақылауды қызметшілермен жұмыс бөлімшелері жыл сайын Кадр саясатын іске асыру тиімділігінің қадау көрсеткіштері бойынша міндеттердің қойылуы негізінде жүзеге асырады.

Кадр саясаты тиімділігінің қадау көрсеткіштері:
  1. адам капиталының/еңбек өнімділігінің кірістілігі;
  2. 1 (бір) қызметкерге шаққанда экономикалық қосымша құн;
  3. қызметшілерге жұмсалатын шығын;
  4. қызметкерлердің тұрақтамаушылығы;
  5. менеджмент арасында қызметкерлердің тұрақтамаушылығы;
  6. қызметшілердің тұрақтылық көрсеткіші;
  7. қызметшілердің қанағаттанушылығы.

«Ұйымдық құрылымды жетілдіру. Кадрларды жоспарлау, іріктеу және орналастыру» бағытының міндеттері:
  • қызметкерлер жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында стратегиялық мақсаттарға және міндеттерге сәйкестікті, құрылымдық бөлімшелер міндеттерінің және қызметкерлер міндеттерінің айқын бөлінуін, ұйымдық құрылымды жүйелі қайта қарап отыру;
  • жұмыс орындарына біліктілік талаптарды, топтық құзырет бейінін әзірлеу мен жетілдіру;
  • еңбек нарығын талдау;
  • Қоғамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте қызметшілерге қажеттілігін талдау және болжау;
  • кәсіби құзыреттіліктің және қызметкерлер құзыреттілігінің жұмыс орындары талаптарына сәйкестігін талдау;
  • қадау лауазым орындары бойынша кадрлармен қамтамасыздық деңгейін талдау және есебін жүргізу;
  • жоғары білікті мамандарды іздеу және іріктеу, үміткерлер мәліметтерінің қорын жүргізу, бос әкімшілік лауазымдарға қызметшілерді іріктеу кезінде конкурстық рәсімдердің ашық болуын енгізу;
  • міндеттерді қайта бөлу, әкімшілік деңгейде міндеттердің қайталануынан бас тарту, жаңа технологияларды енгізу.

Кадрларды іріктеу және орналастыру тиімділігінің қадау көрсеткіштері:
  1. бір бос орынды жабуға кететін уақыт;
  2. іріктеу сапасы – жұмыстың алғашқы жарты жылы ішіндегі тұрақтамаушылық.

«Қызметшілерді оқыту және дамыту» бағытының міндеттері:
  • қызметкерлердің біліктілігін үзік-үзік көтеруден Қоғамның стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталған жоспарлы да жүйелі оқытуға көшу;
  • Қоғамның қажеттілігі негізінде оқу үдерістерін және білімді басқаруды әзірлеу мен енгізу, қызметшілерді оқыту мен дамыту топтық стандарттарын әзірлеу, семинарларды, жаттығуларды іріктеу және өткізу, қызметкерлерді дамытудың дара жоспарларын жасу және іске асыру;
  • Қоғамның ішінде білім мен машықты жинақтау және беру мақсатында топтық оқу орталықтарын дамыту.

Қызметшілерді оқыту және дамыту тиімділігінің қадау көрсеткіштері:
  1. бір жыл ішінде оқу жүйесімен қамтылған қызметкерлер %-ы;
  2. 1 қызметкерді оқытуға бір жыл ішінде кеткен шығын;
  3. жүргізілген оқудың тиімділігі;
  4. Еңбекақы қорынан оқытуға жұмсалған шығын %-ы;
  5. оқытуға кеткен шығындар тиімділігі.

«Қоғамның кадрлар жасағын даярлау» бағытының міндеттері:
  • кадрлар жасағы бағдарламаларын жасау және дамыту;
  • бағалау өлшемдерін әзірлеу және жоғары әлеуетті қызметкерлерді іріктеуді ұйымдастыру (арнайы технологияларды пайдаланып, кадрлар жасағына ресімдеп іріктеу);
  • кадрлар жасағында тұрған қызметкерлерді дамыту дара жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
  • ауыстыру және орындарға орналастыру жүйесін әзірлеу және іске асыру, кадрлар жасағында тұрған қызметкерлерді ауыстыру үдерісін уәждеу.

Қоғамның кадрлар жасағын даярлау тиімділігінің қадау көрсеткіштері:
  1. кадрлар жасағы қалыптастырылып, кадрлар жасағына енгізілген қызметкерлермен толықтырылған бос орындар %-ы;
  2. жасақ арасындағы тұрақтамаушылық.

«Қызметкерлер қызметінің нәтижелілігін және ынталылығын басқару» бағытының міндеттері:
  • қызметкерлердің біліктілік, құзыреттілік және нәтижелілік деңгейіне негізделген сыйақы төлеудің ынталандырушы әрі ашық жүйесін енгізу;
  • бірқатар орындар үшін қызмет тиімділігінің қадау көрсеткіштерін әзірлеу;
  • қойылған міндеттердің және мақсаттардың орындалуын қадағалауды және бақылауды, қызметкерлер қызметінің нәтижелілігін бағалау жүйесін енгізу;
  • еңбек нарығын жалақы және оның қозғалыс ағымы жөнінен тадау;
  • қызметкерлердің қызметте белгілі бір нәтижелерге жетуімен байланыстырылған бонустар мен сыйлықтар жүйесін жетілдіру;
  • қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін және әлеуметтік қорғалу нормаларын қамтамасыз ету;
  • қызметкерлер қызметінің нәтижелілігін бағалау қорытындылары бойынша қызметкерлердің қызметте өсуін қымтамасыз ету.

Қызметкерлер қызметінің нәтижелілігін және ынталылығын басқару тиімділігінің қадау көрсеткіштері:
  1. тиімділіктің қадау көрсеткіштерімен қамтылған ұстанымдар %-ы;
  2. өз қызметінің бағасын ұдайы алып жүрген қызметкерлер %-ы;
  3. еңбекке ақы төлеу жүйесіне қанағаттанушылық.

«Топтық мәдениетті қалыптастыру» бағытының міндеттері:
  • қызметкерлер пікірін зерттеу жүргізу (әлеуметтік өлшеу, әлеуметтік сауал салу);
  • Қоғам қызметкерлерінің құлқын реттеуші топтық құндылықтарды және әлеуметтік нормаларды айқындау мен насихаттау, топтық икемділік пен топтық мәнер ережелерін әзірлеу;
  • командалық жұмысты, ымырашылдықты, еңбек ұжымдарында жайлы да шығармашылық ахуалды күшейтетін ұйымдық іс-шараларды өткізу.
  • Топтық мәдениетті қалыптастыру міндеттерін орындау тиімділігінің қадау көрсеткіші – қызметшілердің қанағаттанушылығы.
Министерство энергетики и минеральных ресурсов РКАгентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополийсамрук-казынаКазМунайГаз

munaitaswww.kcp.kzkaztransoil-servicehalykfundbatumiport
Copyright © KazTransOil, 2001 - 2012. All rights reserved.