"Қазтрансойл" АҚ


Мекенжайы:
  • Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19, Б блогы

Кеңсе:
  • тел. +7 (7172) 555-145,
  • факс +7 (7172) 555-148


Жарияланымдар


"ҚазТрансОйл" АҚ қызметi туралы келбеттiк буклет

"ҚазТрансОйл" АҚ қызметi туралы келбеттiк буклет
 көшіріп алу (3347.9 kB)
top_16
11 Қаңтарынан 2012

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2011 жылғы 12 айдағы өндірістік қызметінің қорытындылары

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін 3% арттырды.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2011 жылғы қаңтар – желтоқсанда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 54 млн. 019 мың тонна болды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 514 мың тонна немесе 3% артты (2010 жылғы 12 айда іс жүзінде 52 млн. 505 мың тонна болған-ды).

«ҚазТрансОйл» АҚ ММ жүйесі бойынша жүк айналымы 2011 жылғы он екі айда 34 млрд. 493 млн. тонна км болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 270 млн. тонна км немесе 1% артты.

Биылғы өткен он екі айдың қорытындылары бойынша «Өзен – Атырау – Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесімен мұнай айдау көлемі артты – 15 млн. 427 мың тонна болды, 2010 жылғы қаңтар – желтоқсанмен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 127 мың тонна немесе 1% артық (2010 жылғы 12 айда іс жүзінде 15 млн. 301 мың тонна мұнай болған-ды).

2011 жылғы желтоқсанда «Омбы – Павлодар – Атасу – Алашаңқай» бағыты бойынша Ресей мұнайын жеткізу қайта жалғасты. 2011 жылдың есепті кезеңінің қорытындылары бойынша «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 10 млн. 894 мың тонна мұнай деңгейіне жетті, оның ішінде Ресей мұнайы 200 мың тонна. «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры бойынша мұнайды ауыстырып құюдың жалпы көлемі 2010 жылдың осындай кезеңінің көрсеткішінен 801 мың тонна немесе 8% артты (2010 жылғы 12 айда іс жүзінде 10 млн. 092 мың тонна болған-ды).

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен Ресей мұнайының транзиті 2011 жылғы есепті кезеңнің қорытындылыры бойынша 5 млн. 432 мың тоннаны құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі артты. 2011 жылдың 12 айының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы МӨЗ-деріне өңдеу үшін мұнай тасымалдау көлемі 13 млн. 190 мың тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың осындай кезеңінің көрсеткішінен 488 мың тонна немесе 4% мұнай көп (2010 жылғы 12 айда іс жүзінде 12 млн. 702 мың тонна мұнай болған-ды).

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады. 2011 жылғы қаңтар – желтоқсанда су беру көлемі 21 млн. 192 мың текше метр болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
16 Мамырынан  2012«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2012 жылғы қаңтар – сәуір мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 17 млн. 636 мың тонна болды.
17 Сәуірінен  2012«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен 2012 жылғы қаңтар – наурызда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 13 млн. 505 мың тонна болды.
6 Сәуірінен  2012«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 66 млн. 825 мың тонна құрады.
15 Наурызынан  2012«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2012 жылғы қаңтар – ақпанда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 8 млн. 709 мың тонна болды.
5 Наурызынан  2012«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары болып Сисенғали Өтеғалиев тағайындалды. «ҚазТрансОйл» АҚ басқарушы директоры болып Болат Зәкіров тағайындалды.
16 Ақпанынан  2012«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2012 жылдың қаңтар айында мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 4 млн. 591 мың тонна болды.
Министерство энергетики и минеральных ресурсов РКАгентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополийсамрук-казынаКазМунайГаз

munaitaswww.kcp.kzkaztransoil-servicehalykfundbatumiport
Copyright © KazTransOil, 2001 - 2012. All rights reserved.