| Жалпы ақпарат | Өндірістік қызмет | Қаржы және экономика | Топтық басқару | Кадр саясаты | Әлеуметтiк саясаты | Сатып алу | Жаңалықтар, оқиғалар, қорытындылар |
"Қазтрансойл" АҚМекенжайы:
Кеңсе:
Жарияланымдар |
Жалпы ақпаратМұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ) құрылды.2001 жылы «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына сәйкес құрылған «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорына берілді. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №159 бұйрығына сай «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ «ҚазТрансОйл» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ болып қайта аталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811 Жарлығымен «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен қайта құрылуы негізінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды, ол «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тың бірден-бір акционері. 2004 жылғы 31 мамырда «ҚазТрансОйл» ЖАҚ «ҚазТрансОйл» АҚ болып қайта аталды. Компанияға Қазақстанның қазіргі бар барлық магистральды мұнай құбырлары мен суағызғылары берілді. «ҚазТрансОйл» АҚ құрылған кезде Қазақстан аумағынан 6 мың шақырымға жуық магистральды мұнай құбырлары өтетін. Республикада қалыптасқан құбыр жүйесі Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне толық көлемде жауап бере алмағандықтан жаңадан құрылған кәсіпорынның жұмысы отандық мұнай құбыры көлігін жақсарту, нығайту және дамыту жөніндегі жедел шараларды талап етті. Компанияның топ-менеджерлері өте қысқа мерзім ішінде компанияны басқарудың бірыңғай жүйесін әзірледі және құрды, іс-әрекеттің тиімділігін арттыру, шетелдік компаниялар тәжірибесінен таңдаулысын алу және енгізу, сондай-ақ құбыр көлігі мамандарын дайындауға арналған отандық негіз жасау мақсатында қызметшілерді оқытудың кеңейтілген бағдарламасы жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі бар құбыр жүйесін жақсарту және жаңғырту жөнінде кешенді шаралар жүргізілді, соның нәтижесінде мұнай құбырларының қызмет ету қабілеті сақталды, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі, олардың қауіпсіздігі мен сенімділігі артты. Жаңа мұнай тасымалдау объектілерінің құрылысы, тасымалдау схемаларын ұйымдастыру жөніндегі күрделі жұмыстарды жүргізу басталды. Қысқа мерзім ішінде тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қазіргі бар мұнай құбыры жүйесі шеңберінде тұтынушыларға кең қызмет аясын көрсету, экспорттық бағыттардың әзірленуін ескере отырып, мұнай көлігі бағытын әртараптандыру қамтамасыз етілді. Компанияның ағымдағы қызметін қаржыландырудың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін, пайдаланылатын капиталды жалпы арзандату және акционерлік капиталға тұрақты және орынды қайтарылуын қамтамасыз ету үшін Компанияның қаржылық құрылымын тұрақтандыру және оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар ойдағыдай аяқталды. АСПиР баға саясаты комитеті 1998 жылғы 5 маусымда «ҚазТрансОйл» ЖАҚ жүйесімен мұнай тасымалдауға арналған тарифтерді есептеу әдістемесін бекітті, ол мұнай тасымалдауға арналған бағаларды белгілеудің транспаренттік механизмін айқындаудың алғашқы қадамы болды. Жаңа әдістеме жалпыға бірдей қағидатта және баға қалыптастырудың икемді ұстанымын қамтамасыз ете отырып, тұтынушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын егжей-тегжей ескере отырып, қазіргі бар құбыр жүйесін мейлінше пайдалануға жағдай тудыра отырып жасалды. Қазақстандық құбырлар жүйесін қалпына келтіру және жаңғырту жөнінде жүргізілген жұмыстардың басты нәтижесі деп оның жұмыс қабілеті мен сенімділігін сақтауды, көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруды айтуға болады. 1998 жылдың өзінде ҚТО-да 24 104 мың тонна мұнай тасымалданды. Мұнай тасымалдау көлемінің артуы жүйе бойынша жүк айналымының 15 337 млн. тонна-шақырымға артуына қол жеткізуге мүмкіндік берді. 1998 жылдан бастап қазіргі бар магистральды құбырлар жүйесімен мұнай тасымалдау тұрақты түрде артуда. 1998 жылы «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бюджетке 2 998 млн. теңге төледі. ҚТО-ның даму серпіні жұмыстың жаңа бағыттарын игеру қажеттігін және осы заманғы өркен жайған инфрақұрылымы әрі қуатты қаржылық қамтамасыз етілген Холдинг құру қажеттілігін көрсетті. Осы экономикалық құрылым көмірсутек шикізатын тасымалдау, оның экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін нығайтуға бағытталған жаңа стратегиялық міндеттер мен басымдылықтарды шешуге тиіс. Қазіргі бар жүйелерді жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске жарату мен көлемді бағдарламаларды жүзеге асыру жобалық қаржыландыру түрінде, сондай-ақ еурооблигациялар шығару арқылы ұзақ мерзімді инвестициялардың елеулі көлемін тартуды талап етеді. 2001 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы сомасы 150 миллион АҚШ долларына 2006 жылы өтеу мерзімімен еурооблигацияларды шығару және орналастыру жолымен әлемдік нарыққа шықты. Осы шығарылым Компанияның бағалы қағаздар шығарылымының басы және халықаралық капитал нарығында қазақстандық компаниялардың арасында топтық облигациялар шығарылымының алғашқысы болды. Бір жыл бұрын 30 миллион АҚШ доллары сомасына 3 жыл мерзіммен ішкі облигациялар шығарылды (банк кредитіне қарағанда неғұрлым арзан қаржыландыпруды тарту мақсатында). Қаражат жалпы топтық мақсатқа жұмсалды. Компанияның 1998 – 2001 жылдарға арналған индикативті даму жоспарына сәйкес қойылған барлық басым міндетті Компания іс жүзінде мерзімінен бұрын озық орындауға қол жеткізді, бұл 2000 жылдың өзінде Үкіметтің қаулысымен бекітілген жаңа 2000 – 2005 жылдарға арналған индикативті жоспар әзірлеуге мүмкіндік берді. Ағымдағы және келешек қызметті қаржыландырудың жеткілікті көлемі үшін қаржылық құрылымды тұрақтандыру және оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар ойдағыдай аяқталды. Осындай нәтижелер негізінен ең алдымен Компания менеджменті деңгейінде күшті қайта бөлу, барлық ұжымның үйлесімді жұмысы, Компанияны басқару әдісіндегі оң өзгерістер, жаңаша ойлайтын, жан-жақты тәжірибесі және білімі бар мамандарды тарту арқылы мүмкін болды. Сыртқы жағдайдың да оң өзгерістерінің маңызы зор. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2004 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «ҚазТрансОйл» компаниясының ұйымдық-құқықтық нысанын акционерлік қоғам етіп қайта тіркеу жүзеге асырылды. Біздің қағидат – барлық жүк жөнелтуші үшін магистральды құбыр жүйесіне тең қолжетімділік Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда жұмыс істеп тұрған магистральды мұнай құбырларының бәсекеге қабілеттілігін және сенімділігін арттыруға бағытталған үлкен жұмыс жүргізілді және мұнайды тасымалдау мен ауыстырып тиеуге арналған жаңа қуаттар салынды, сондай-ақ жол үсті мемлекеттер аумағы арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттық негіз жасалды. Аталған кезең ішінде жаңадан Кеңқияқ – Атырау, Әлібекмола – Кеңқияқ, Солтүстік Бозащы – Қаражанбас, Атасу – Алашаңқай мұнай құбырлары іске қосылды, Атырау – Самара мұнай құбырының, Ақтау кемежайының, бірқатар темір жол қотару және құю терминалының қуаты кеңейтілді. «АК «Транснефть» ААҚ, «Укртранснафта» ААҚ, «Гомельтранснефть» РУП, Новополоцк «Дружба» мұнай тасымалдау кәсіпорны сияқты мұнай құбыры жүйелері операторларымен келісімдерге қол қойылды. 2001 жылы Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры пайдалануға берілуі Қазақстанның мұнай өнеркәсібі тарихындағы елеулі оқиға болды. КҚК өткізу қуаттарына құқығы бар бірқатар мұнай компаниясы бұл арнаға тікелей шыға алмайтындығы себепті «ҚазТрансОйл» АҚ өзінің «Атырау» мұнай айдау стансасында Өзен – Атырау, Кеңқияқ – Атырау, Мартыши – Атырау мұнай құбырлары арқылы және темір жолмен келетін көмірсутегі шикізатын КҚК жүйесіне ауыстырып құюға арналған нысандарды іске қосты. 2008 жылы Қоғам жүйесі арқылы КҚК мұнай құбырына ауыстырып құйылған мұнай көлемі 4,5 млн. тоннаны құрады. Ақтөбе облысында өндірілетін өскелең мұнай көлемін тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 2003 жылы қуаты жылына 6 млн. тонна Кеңқияқ – Атырау және 3,6 млн. тонна Әлібекмола – Кеңқияқ мұнай құбырлары пайдалануға берілді. Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырының пайдалануға берілуі Ақтөбе мұнайын Атырау МАС бағытына тасымалдау көлемін елеулі ұлғайтуға мүмкіндік берді, бұл орайда жүк жөнелтушілердің осы бағыт бойынша бұрын пайдаланылып келген темір жол тасымалына сенімді әрі экономикалық тиімді баламаға қолы жетті. Кеңқияқ – Атырау мұнай құбыры жобасын «Мұнайтас СБҚК» АҚ іске асырды, «ҚазТрансОйл» АҚ бұл қоғамның қатысу үлесінің 51%-ына ие, ал CNPC International Қытай компаниясы оған 49% үлеспен қатысады. Құмкөл мұнайын жеткізу бағыттарын тарамдау мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ қуаты жылына 3 млн. тонна Шағыр мұнай құю бекетін пайдалануға қосты. «Шағыр» аспақұярлығы Құмкөл мұнайын темір жол шандарына құюды жыл бойы жүзеге асырады. Бұл құярлықтың негізгі артықшылықтарының бірі мұнайды ауыстырып құю бағасының төмендігі, сондай-ақ оны пайдалануда алалаушылыққа жол берілмеуі. Қоғам бұл қағидатты әрдайым ұстанып келеді. Сондықтан бұл құярлықты пайдалануға сұраныс сақталып қана қоймай, өсіп отырғанын да атап айтау керек. Солтүстік Бозащы кенішінде мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы жоспарланып отырғанына байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ күшімен Солтүстік Бозащы МДАЦ – Қаражанбас МАС жалғастырушы мұнай құбыры салынып, 2006 жылғы 31 мамырда пайдалануға берілді. Ол Солтүстік Бозащы кенішінен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдап, одан әрі экспортқа шығару өскелең талабын қанағаттандырды. Атасу – Алашаңқай мұнай құбырының пайдалануға берілуі 2006 жылдың аса маңызды оқиғаларының бірі, мұнай тасымалдау жүйесінің көп бағыттылық стратегиясын іске асырудағы елелулі кезеңі болды әрі мұнай компанияларына мұнайды Қытайдың келешегі зор және қауырт өсіп отырған тұтынуына жеткізудің сенімді де экономикалық тиімді бағытын қамтамасыз етті. Бұдан басқа, мұнай құбыры Қытайға Ресей мұнайын тасымалдау үшін Қазақстанның өткізушілік әлуетін қосуға мүмкіндік берді. Бұл жобаны «ҚазТрансОйл» АҚ және CNPC қытай ұлттық копаниясының еншілес кәсіпорны CNODC тепе-теңдік негізде (қатысу үлестері 50%-дан) құрған «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС бірлескен кәсіпорны іске асырды. «Атасу – Алашаңқай» жүйесі бойынша мұнайдың сенімді де іркіліссіз қабылдануын және тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ «Прииртышск – Атасу», «Қарақойын – Атасу» учаскесінде және «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырының бас мұнай айдау стансасы «Атасу» БМАС-тың тікелей өзінде Шығыс филиал объектілерін жаңғырту және қайта құру бойынша бірқатар іс-шараны атқарды. Атасу – Алашаңқай мұнай құбырымен Қытайға Орталық Қазақстан мұнайы берілуде. Қазақстанның батыс өңірінен мұнай жеткізуге де мүмкіндік бар, бұл үшін Атасуда мұнайды темір жол шандарынан қабылдау және оны одан әрі Атасу – Алашаңқай мұнай құбырына ауыстырып құю үшін қотару құярлығы салынды. 2008 жылдың қорытындылары бойынша Атасу – Алашаңқай мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 6,1 млн. тонна болды. Қазақстандық мұнай компаниялары үшін маңызды экспорттық бағыт Каспийдегі Ақтау кемежайы, онда «ҚазТрансОйл» АҚ мұнда мұнайды құбыр және темір жол көлігінен танкерлерге ауыстырып құяды. Қазіргі кезде кемежайдың мұнай құю терминалдарына мұнай жеткізіледі:
Мұнайды Каспий арқылы тасымалдауға өскелең сұранысты ескере отырып, Қоғам 2003 – 2005 жылдары Ақтау БМАС темір жол құярлығын қайта құру және кеңейту жұмыстарын жүргізді, бұл мұнайды одан әрі танкерлерге ауыстырып құю үшін темір жол шандарынан қотару көлемін 2002 жылғы 2,9 млн. тоннадан 2008 жылы 4114 млн. тоннаға дейін көбейтуге мүмкіндік берді. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау жөніндегі басты операторы бола отырып саланың инфрақұрылымын дамытуда, қуат шикізатын жеткізудің баламалы және оңтайлы бағыттарын іздестіруде, сондай-ақ олардың құрылысы үшін инвестиция тартуда белсенді орын алып отыр. | |