Асқар Әбутәліпұлы Қайыпов - «ҚазТрансойл» АҚ ұжымдық пайдалану есептеу орталығы» филиалының директоры.
Жалпы ақпарат
«ҚазТрансОйл» АҚ Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы» филиалының негізгі міндеттері:
технологиялық және басқару үдерістерін автоматтардыру, телекоммуникация желілерін жаңғырту және ақпараттық технологияларды дамыту.
«ҚазТрансОйл» АҚ Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы» филиалының негізгі қызметі:
ақпараттық жүйелерді енгізу, жаңғырту және техникалық сүйемелдеу:
электронды құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ);
SAP R/3 ERP-жүйелері;
топтық кірігу тұғырнамасы (КТ);
техникалық жай-күйді және жөндеуді бақылау мен басқару автоматтандырылған жүйелері (ТЖКжәнеЖБ менБАЖ);
топтық геоақпараттық жүйе (ТГАЖ);
топтық ақпараттық экологиялық жүйе (ТАЭЖ);
Ақтау БМҚС экологиялық мониторингі (ЭМ);
Басқа жүйелер;
техникалақ қолдау көрсету және сенімді жұмысты қамтамасыз ету:
технологиялық және кеңселік бағдарламалық жасақтау;
серверлер мен жұмыс стансалары;
көмекші жүйелер:
іркіліссіз және кепілді электрмен жабдықтау;
кіруді басқару және бақылау;
бейне бақылау;
белсенді өрт сөндіру және өрт сөндіру дабылы;
дәлдікпен салқындату.
Филиал құрылымы
Басшылық
Басшылық аппараты
Бухгалтерия
Экономикалық талдау секторы
Кадрлар есебін жүргізу қызметі
Энергетикалық және технологиялық жабдықтар секторы
Ақпараттық жүйелер бөлімі:
ERP-жүйе секторы
Пайдалану тапсырмаларын автоматтандыру секторы
Кеңселік жүйелер секторы
Топтық желілер бөлімі:
Серверлерге әкімшілік ету секторы
Пайдаланушыларға қолдау көрсету секторы
Ақпараттық қауіпсіздік секторы
Телекоммуникация секторы
ТҮБАЖжәнеМҚ секторы
Әкімшілік-шаруашылық секторы
Ақпараттық-талдау тобы
Оқу сыныбы
Жобалар
Электрондық мұрағат жүйесі
Мақсаты: Электрондық мұрағат жүйесінің негізгі мақсаты – ақпарат жинауды және өңдеуді автоматтандыруды, тиімді сақтауды ұйымдастыру және жедел жұмыс кезінде құжаттардағы құрылымдалмаған ақпаратқа жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Енгізудің негізгі мақсаттары:
ЭМ жүйесінің негізгі мақсаты – кеңсенің, бухгалтерияның құжаттарын, техникалық, пайдаланушылық, жобалық-сметалық, ұйымдық-реттеуші, нормативтік-құқықтық құжаттамаларды енгізумен, есепке алумен, сақтаумен және олардың электронды тұрпатына қол жеткізумен байланысты өндірістік бизнес үдерісті автоматтандыру, оларды толықтыру және түрлендіру мүмкіндігі және құжаттарды басқару;
топтық мазмұндағы құжаттардың бірыңғай деректер қорын (қоймасын) құру, оны толықтыру, түрлендіру мүмкіндігі және оларды басқару;
құжаттарды қалыптастырудың ұтымды жүйесін дамыту, сақталуын, жан-жақты қолданылуын қамтамасыз ету және «ҚазТрансОйл» АҚ ақпарат ресурстарын қорғау;
жеделдікті арттыру және ақпараттық-анықтамалық жұмыстар, ағымдағы іс жүргізуден түсетін және қағаз мұрағатты қайта жаңалау нәтижесінде алынған құжаттарды жиынтықтау, таңбалау және айдар тағуды жүргізу кезінде еңбек шығынын азайту;
жүйенің тіркелген пайдаланушыларына мұрағаттың ақпараттық ресурстарына қол жеткізуін беруге;
ЭМ құжаттарын әр түрлі пішімде беруге;
құжаттардың электронды қоймасындағы (мұрағаттағы) деректерді жүргізу, құрылымдау, топтастыру және өзектендіру үшін құралдар әзірлеу;
ЭМ пайдалану есебінен құжаттарды басқаруға арналған шығындарды азайту;
құрылымдалмаған ақпараттың барлық түрін сақтау (электрондық құжаттар, аудио- және бейне- материалдар, электронды файлдар және т.б.);
ҚТО құрылымдық бөлімшелерінде сақталатын құжаттар санын азайту;
құжаттардың өзекті нұсқаларын ғана кепілді пайдалануы есебінен қызметшілердің жұмыс сапасын жақсарту;
қызметшінің ЖСҚ-мен ұжымдық жұмысын қамтамасыз ету;
басқа да ақпараттық жүйелермен және технологиялармен өзара әрекеті.
SAP R/3 жүйесі
Мақсаты: SAP R/3 жүйесі нақты уақыт режимінде компанияның қаржы және материалдық ресурстарын есепке алуға және жоспарлауға арналған.
Енгізудің негізгі мақсаттары:
Компанияның өнекәсіптік-қаржылық қызметі жөнінде жедел ақпаратты және есептерді алу;
Негізгі бизнес үдерістерді үздіксіз бақылау мүмкіндігі;
Материалдардың бірыңғай классификациясы есебінен тауар-материалдық қорларды оңтайландыру және қойма қалдықтарының ашықтығы мүмкіндігін алу;
Негізгі деректерді (дебиторлар, кредиторлар, материалдар) орталықтандырып жүргізу және шаруашылық операцияларын автоматтандыру есебінен қателіктерді жою.
Электрондық құжат айналымы жүйесі
Мақсаты: Электрондық құжат айналымы жүйесі іс жүргізудің, топтық құжат айналымының және электрондық құжаттардың орталықтандырылған мұрағатының қағазсыз технологиясын ұйымдастыруға арналған.
Енгізудің негізгі мақсаттары:
құжаттармен жұмыс істеу технологиясын жүйелендіру және бірегейлендіру;
құжаттарды жасау, беру, іздестіру және пайдалану уақытын қысқарту;
құжаттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
электронды құжаттар топтық мұрағатын жасау.
«ҚазТрансОйл» АҚ топтық желісі
Мақсаты: «ҚазТрансОйл» АҚ топтық желісі Қоғамның барлық ақпараттық және техникалық ресурстарын (оның ішінде СУБД, қолданбалы бағдарламалар, қосымшалар серверлері, жұмыс топтары серверлері, белсенді желілік жабдықтар, дауысты және деректерді беру жабдықтары және т. б.) бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіруге арналған.
Енгізудің негізгі мақсаттары:
Сервистер мен серверлердің сенімді жұмысын қамтамасыз ету: почталық сервис, Интернет қызметі, домен-бақылауыштар, SAP R/3 жүйелері, құжат айналымы (Lotus Notes), файл-сервис, деректерді мұрағаттау және қалпына келтіру жүйелері, деректерді сақтау және өңдеу жүйелері, вирусқа қарсы қорғаныш;
Желіні заңсыз кіруден сақтауды қамтамасыз ету;
ISO 27001 стандартының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру.
«ҚазТрансОйл» АҚ құбырларының топтық геоақпараттық жүйесі
Мақсаты: Топтық геоақпараттық жүйе Қоғамның кеңістікте таралған өндірістік объектілері туралы ақпараттың бірыңғай көзі қызметін атқарады және осы деректерді сандық картада көрсетеді.
Енгізудің негізгі мақсаты:
құбырлар және оны толтыру мен жаңғырту туралы кеңістікті дерекқор жасау;
деректерді карталар, кескіндемелер, кестелер және сұлбалар түрінде беру;
кеңістікті деректерді талдау, жағдайды пайымдау;
басқарушылық және жедел шешімдер қабылдауды қолдау.
«Ақтау» БМАС-тағы экологиялық бақылау жүйесі
Мақсаты: Экологиялық бақылау жүйесі ТГАЖ жүйесінің жұмыс істейтін модулі және «Ақтау» БМАС пен оған жапсарлас аумақтағы технологиялық нысандардағы экологиялық ахуал туралы ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге, талдауға және пайдаланушылар мен сыртқы жүйелерге беруге арналған.
Енгізудің негізгі мақсаты:
атмосфералық ауаға төрт ластаушы затты (көміртек қышқылы, күкірт, көмірсутек, меркаптан) тастуды бақылау;
мұнай мен мұнай өнімдерінің «Ақтау» БМС топырақ суларындағы деңгейі мен құрамын бақылау;
орталық аппарат пен Батыс филиал басқару аппараты үшін есептілікті қалыптастыру;
қоршаған ортаны қорғау бойынша облыстық мемлекеттік органдарға есептілікті қалыптастыру;
ГАЖ жүйесі үшін экологиялық бақылау талаптары бөлігінде ақпараттық негіз жасау.
Төлемдерді есептеу және есептілікті қалыптастыру топтық ақпараттық экологиялық жүйесі
Мақсаты: «ҚазТрансОйл» АҚ экологиялық бөлімшелері қызметкерлері үшін міндеттерді экологиялық төлемдерді есептеу бөлігінде автоматтандыру.
Енгізудің негізгі мақсаты:
МБ, ЖӨДС және басқа да бөлімшелер экологиялық қызметтерінің мамандарын күнделікті міндеттерді жылдам әрі тиімді шешуге мүмкіндік беретін ыңғайлы бағдарламалық құралмен жарақтау;
Филиалдар ҚБА, ОБА ЕҚ және ӨҚ департаменті экология қызметінің мамандарын өзге де мүдделі бөлімшелер қызметкерлерін, сондай-ақ ҚТО басшылығын кез келген кезеңдегі экологиялық ахуал бойынша және кез келген қызмет бойынша шоғырланған есептілікті алу құралдарымен жарақтау;
ҚТО инженер-экологтарының қызметін ластану, ақы төлеу және ҚТО мұқтаждығы үшін және уәкілетті органдарға тапсыру үшін есептерді қалыптастыру шешімдерін есептеу міндеттін шешу саласында автоматтандыру, бұл оларға талдаумен әлдеқайда терең айналысуға және ҚТО өндірістік үдерістерінің экологияға әсерін төмендету жөнінде шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Құбырлардың техникалық жай-күйін және оларды жөндеуді бақылаудың әрі басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Мақсаты: құбырдың жөндеу жұмыстарын жоспарлаудың техникалық жай-күйінбағалауға байланысты шешімдер қабылдауға арналған ақпаратты жүйелеу және талдау.
Негізгі мақсаттары:
Құбырлардың желілік бөлігі бойынша деректерді кешенді талдау қызметін жүзеге асыру;
Жөндеу үдерістерінің күрделі есептерін автоматтандыру.
Қума бизнес үдерістерді автоматтандыру негізінде ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесу ықпалдастырылған тұғырнамасы
Мақсаты: «ҚазТрансОйл» АҚ-та енгізілетін және қолдау жасалатын әртүрлі бағдарламалық жүйелерден (ТГАЖ, ТКжЖБжБсАЖ, SAP R/3, SCADA және т.б.) алынатын деректердің бірлігін және келісілген өзара алмасылуын қамтамасыз ете алатын ақпараттық орта құру.