| Жалпы ақпарат | Өндірістік қызмет | Қаржы және экономика | Топтық басқару | Кадр саясаты | Әлеуметтiк саясаты | Сатып алу | Жаңалықтар, оқиғалар, қорытындылар |
"Қазтрансойл" АҚМекенжайы:
Кеңсе:
Жарияланымдар |
«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы (Атырау қ.)
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы 1997 жылғы 1 қазанда құрылған. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Батыс филиалының негізгі міндеттері:
2. ҚОРДАЛАРЫ Қазіргі кезде «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы – бұл:
3. ӨНДІРІСТІК-ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының 2011 жылғы 12 айдағы өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері. 2011 жылдың 12 айында Батыс филиал бойынша мұнай тасымалдау көлемі жоспардағы 37 567 мың тоннаның орнына 37 704 мың тонна болды, бұл 100% болды. 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (34 464 мың тонна) Батыс филиал бойынша мұнай тасымалдау көлемі 1 103 мың тонна артты немесе 103% болды. Мұнай тасымалдау көлемінің жоспардан аз болуы негізінен «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ «ӨзенМұнайГаз» ӨБ мұнай өндіру көлемінің азаюымен түсіндіріледі. 2010 жылғы осындай кезеңге қарағанда мұнай тасымалдау көлемінің артуы негізінен «Теңізшевройл» ЖШС және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» сияқты компаниялардың «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы жүйесіне мұнай тапсыру көлемінің артуының арқасы. 2011 жылдың 12 айында Батыс филиал бойынша жүк айналымы жоспардағы 21 131 млн. тонна км орнына 21 072 млн. тонна км, бұл 100% болды. Су жеткізу 2010 жылғы осындай кезеңдегі фактімен (21 361 мың м3) салыстырғанда 99% немесе 21 192 мың м3 болды. 2011 жылы жоспардың орындалуы 18 264 мың м3, яғни 116%-ды құрады. 4. КАДР ҚҰРАМЫН ДАМЫТУ «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын қызметшілерді жоспарлы да мақсатты дамытуға қомақты қаржы бөліп отырады. 2011 жылдың 12 айында Батыс филиалдың 3 878 қызметкері түрлі оқудан өтті, ал нақты шығын 75 437 мың теңгені (іссапар шығыстарынсыз) құрады. Топтық сайыстар «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын әлеуметтік-кадрлық саясат аясында «Үздік мұнай айдау стансасы» және «Мамандығы бойынша таңдаулы» сайыстарын өткізеді. Бұл сайыстар Компанияның топтық рухын қалыптастырады, жұмыстың ұңғыл-шұңғылына қанығуға мүмкіндік береді, жұмыскерлерді сапалы да қауіпсіз еңбекке ынталандырады. Сайыстар 1999 жылдан өткізіліп келеді. 5. ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ Жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау, жоғары өнімді еңбек үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қоғам құрылғалы бері «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер, өтемдер және жеңілдіктер туралы ереже» қолданылып келеді. Бірлестік ардагерлері мен зейнеткерлеріне айрықша көңіл бөлінеді. Оларға ай сайын жәрдемақы, мерекелерде сыйлықтар төленеді. Кәсіпорында еңбек ұйымдастырудың жоғары деңгейі маңызды көрсеткіштер қатарында, бірақ қызметкерлердің лайықты демалысын қамтамасыз ететін әлеуметтік саясаттың маңызы одан кем емес. Сонымен қатар «ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты түрде спорттық іс-шаралар, сайыстар, спартакиадалар ұйымдастырып, өз қызметкерлерінің саламатты өмір салтын жақтайды. Батыс филиалда арнайы тұрақты жұмыс істейтін демеушілік көмек, материалдық жәрдем және әлеуметтік жәредемақылар мен жеңілдіктер беру жөнінде Филиал комиссиясы құрылған, ол өңірдің әлеуметтік әлжуаз топтарының: балалар үйлері, мектеп-интернаттар мұқтажын мүмкіндігінше өтеуге, қоғамдық ұйымдарды және үкіметтік емес мекемелерді қолдауға, сондай-ақ өз қызметкерлеріне қамқорлық жасауға күш салады. 6. МЕКЕН-ЖАЙЫ 060009, Атырау қаласы, Зейнолла Ғұмаров к.,94 Кеңсе телефоны: 8 7122 931 216 | |||