"Қазтрансойл" АҚ


Мекенжайы:
  • Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19, Б блогы

Кеңсе:
  • тел. +7 (7172) 555-145,
  • факс +7 (7172) 555-148


Жарияланымдар


"ҚазТрансОйл" АҚ қызметi туралы келбеттiк буклет

"ҚазТрансОйл" АҚ қызметi туралы келбеттiк буклет
 көшіріп алу (3347.9 kB)
temp_shapka

Шығыс филиал (Павлодар қ.)

Жеңісбек Қожасұлы Лұқпанов«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының директоры Жеңісбек Қожасұлы Лұқпанов.


1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Шығыс филиалы 1997 жылы 1 қазанда құрылды.

КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің №588 бұйрығымен Шығыс Қазақстан магистральды мұнай құбыры басқармасы (ШҚМҚБ) құрылды. Орналасқан жері Қазақ КСР-інің Павлодар қаласы.

1997 жылы «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы құрылуына байланысты басқарма Шығыс филиалы болып қайта құрылды, ол қазір «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Шығыс филиалы Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне, елдің орталық өңірінен шығысқа (ҚХР) тартылған жалпы ұзындығы 4298,6 км мұнай құбырларын пайдаланады.

«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы «Омбы» ҚТП-де қабылданатын Батыс Сібір мұнайын, «Құмкөл», «Ақшабұлақ», «Торғай-Петролеум» ҚТП-де, «Атасу» құю эстакадасында қабылданатын Қазақстан мұнайын және «Кеңқияқ-Құмкөл» ММҚ бойынша Қазақстанның батыс аймақтарынан келетін мұнайды қабылдау, тасымалдау, сол секілді Ресей мұнайын «ТОН-2» ММҚ арқылы тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді.

Жүк жөнелтушілер мұнайы «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-на, Шымкент мұнай өңдеу зауытына («Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС), «Атасу – Алашанькоу» экспорттық мұнай құбырымен («Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС) Қытайға тасымалданады.

Сонымен қатар, «Шағыр» мұнай құю пунктінде және «Атасу» ТҚЭ жақын және алыс шетелдерге темір жолмен тасымалдау үшін темір мұнай жол вагондарына тиеледі.

ОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Операторлық қызмет аясында мұнай құбырларын пайдалану бойынша қызметтер келесі ұйымдар тарапынан көрсетіледі:
  • «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС – «Атасу - Алашанькоу» ММҚ (960 км) және «Кеңқияқ - Құмкөл» ММҚ (561,6 км)
  • «Торғай-Петролеум» АҚ – «Торғай-Петролеум МҚДЦ – «Құмкөл» БМАС (14,5 км).

2. АКТИВТЕР

«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы – бұл:
  • 2 677 білікті жұмысшы және инженерлік-техникалық қызметкер;
  • бір желілі салынған ұзындығы 2 577 км мұнай құбырлары жүйесі;
  • 13 мұнай айдау сорап станциясы;
  • 3 қабылдау тапсыру пункті;
  • «Шағыр» мұнай құю пункті және «Атасу» төгу-құю эстакадасы;
  • Жалпы сыйымдылығы 451 000 текше метр сұйыққойма паркі;
  • Жеті мұнай қыздыру пеші;
  • Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Үшарал, Солтүстік Қазақстан мұнай құбыры басқармалары;
  • Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтарды жинақтау базасы.

3. ӨНДІРІСТІК-ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының 01.04.2012 жылғы өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері.

Шығыс филиалы құбырлар жүйесі бойынша мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі «ТОН-2» ММ бойынша ресейлік мұнай тасымалын қосқанда 2012 жылдың төрт айында 5 млн. тонна мұнайды құрады.

Шығыс филиалы ММ жүйесі бойынша мұнай жүк айналымы 2012 жылдың төрт айында 2 980,954 млн.тн.км құрады.

2012 жылдың төрт айындағы жеткізілімдер:
  • «ПНХЗ» АҚ-на - 1 332,678 мың тонна;
  • «ПКОП» ЖШС-не - 1 150,661 мың тонна;
  • «Атасу - Алашанькоу» ММ –2 355,673 мың тонна;
  • «Шағыр» МҚП 132 мың тонна тиелді;
  • «Атасу» ТҚЭ-да 35 мың тонна тиелді.

4. КАДРЛАРДЫ ДАМЫТУ

«ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын жеке құрамды жоспарлы және мақсатты дамытуға қомақты қаржы жұмсайды. 2011 жылдың он екі айында Шығыс филиалының 2382 қызметкері оқытылды.

2011 жылы оқытылған Филиал қызметкерлерінің саны 131 адамға немесе 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артты.

5. ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, жоғары өнімді еңбек үшін игі жағдай жасау мақсатында Қоғамда филиал қызметкерлеріне тек қана жайлы еңбек жағдайын емес, сонымен қатар лайықты демалысқа мүмкіндік беретін «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау туралы ережесі» жұмыс істейді. Филиал қызметкерлерін көп салалы әлеуметтік қодаумен қатар, ардагерлерге, Қоғам жүйесінен зейнеткерлікке шыққан жұмыс істемейтін зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Оларға ай сайынғы материалдық көмек төленеді, мерекелерде сыйақы беріледі. Ардагерлер мен зейнеткерлер Шығыс филиалы тарапынан өткізілетін қоғамдық шараларға белсенді қатысады.

Кадрлық әлеуетті дамыту – Қоғамдағы басты басымдыққа ие бағыттардың бірі. «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыс істеп тұрған жас мамандар туралы ереже Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының түлектеріне жұмысты сәтті бастауға және әрі қарайғы қызметтік өсуге барлық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

6. МЕКЕН-ЖАЙЫ

140004, Павлодар қаласы, Луговой көшесі, 16

Кеңсе телефоны: 8 (7182) 732 241
Министерство энергетики и минеральных ресурсов РКАгентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополийсамрук-казынаКазМунайГаз

munaitaswww.kcp.kzkaztransoil-servicehalykfundbatumiport
Copyright © KazTransOil, 2001 - 2012. All rights reserved.