KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Сұрақтар мен жауаптар: Сұрақ №1113

16.04.2021, 09:29
Мамытов Утеген
Сұрақ: Кайырлы кун Димаш Габитулы мен Мамытов Утеген 1994 жылдан 2019 жылга дейін Казтрансойл компаниясында енбек еттім 2019 жылдын шілде айынан бастап зейнетке шыктым мен сурагым баламды Казтрансойл мекемесіне жумыска алуынызды сураймын көп көп рахмет.

29.04.2021, 13:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті, Өтеген!

Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ-қа (бұдан әрі - Қоғам) ұлыңызды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймыз.

Қоғамдағы бос лауазымдарды толтыру Персоналды іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға/кәсіпке орналасуға кандидаттар осындай лауазымға/кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуі тиіс.

Қоғамда ішкі кадр резервінің болуына байланысты бос лауазымдарға/кәсіптерге орналасу бірінші кезекте ішкі кандидаттар қатарынан жүргізіледі. Ішкі кандидаттар болмаған жағдайда, сыртқы кандидаттар жалпы негіздерде конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Сіздің ұлыңыз «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне  +7 (7292) 479 233 телефоны арқылы хабарласа алады.
Серiктестер