KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Сұрақтар мен жауаптар: Сұрақ №1116

13.05.2021, 11:55
Хамитов Галихан Бауыржанович
Сұрақ: Ассаламағалейкум, Димаш Габитұлы Алдымен сіздерге істеп жатқан шараларыңыз үшін мың алғыс. Мен Казтрансойл компаниясының миноритарлық акционері боламын. Ал енді сұрағым осындай: компанияның ~95% табысы каржы отчетынан байқағанда негізгі жұмыс аткаруынан ал калған 5% мен түсінуімше депозит арқылы табылатын сияқты. Жалпы ислам дінінде әдеттегі депозит(риба) арқылы ақша табуға қарсы қатаң тыйым салынған. Құранда келетін аяттардың бірі: «Уа, иман келтіргендер, үсті-үстіне өсім жемеңдер! Алладан қорқыңдар, бәлкім құтыларсыңдар» (Әли Имран, 130) Бұл жағдай иман келтірген акционерлеге қиындық туғызуда. Қысқаша айтканда осындай жолмен келген табыстың пайдасынан гөрі зияны көп. Мүмкін ол ақшаны мсб-ға немесе технологиялық стартаптарға инвестиция ретінде жасалса, кем болмаса ислам банктегі инвестициялык депозитке қойылса қалай қарайсыздар? Алдын ала рақмет!

17.06.2021, 11:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Галихан Бауыржанұлы!

Сіздің сұрау хатыңызға жауап ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ қаражатты екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастырған кезде, «Қазақстан Республикасы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заң талаптарына, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа алатынын хабарлаймыз.

Бұл ретте, көрсетілген қаражат уақытша бос болып табылатынын және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның күнделікті операциялық қызметінде пайдаланылатынын атап өткізгіміз келеді.
Серiктестер