KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Сұрақтар мен жауаптар: Сұрақ №4559

28.08.2023, 13:15
Масалимов Кайрат Рамазанулы
Сұрақ: Кайырлы Кун Атырау Каласына 10.тамыз Куни Enbek.kz Сайтына Кладовщик Мамандыгы бойынша ваканция ашылган болатын 11 Тамыз Куні КазТрансОйл дын Арнайы Форматта Резюме Жолдаган Болатынмын Содан Бери Тек Кана Кутиниз деген Хабар Келеди Бунын Бир Жауабы Накты Турде Берилмима Баска Адамдар табылмай Жатырса Менмн Кандай Кінам бар Менін білгім Келетіні Неге Узак Кутіп Калып Жатырмын Жумыска Қабылдамаса Неге Ашык Турде Айтпайды Кладовщикке Стаж Бар Арнайы Форматта Резюме Жолдадым Мумкиндик Болса Шешип Берсениздер .

29.08.2023, 15:19
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев
Жауап:  Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) бас директорының (Басқарма төрағасының) блогында жазған 2023 жылғы 28 тамыздағы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қоғамда бос лауазымдарға орналасу «ҚазТрансОйл» АҚ-та бос лауазымдар мен жұмысшы мамандықтарға кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға орналасуға үміткерлер конкурстық іріктеуден өтуі тиіс.
Сіздің түйіндемеңізді Қоғамның Атырау мұнай құбыры басқармасының кадр қызметі авариялық-қалпына келтіру пункті қоймашысының бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарады және басқа кандидаттардың түйіндемесімен бірге Қоғамның адам ресурстарын басқару департаментіне сырттай бағалау жүргізу үшін жіберді.
Кәсіби білімге сырттай бағалау бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн-форматта кәсіби білім, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тестілеуді ұйымдастыру арқылы жоспар бойынша 2023 жылғы 4-8 қыркүйек аралығындағы кезеңде өтеді. Тестілеу өткізу орны мен нақты уақыты туралы Сізге қосымша хабарланады.
Серiктестер