KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығына (ХМТҚ) мүше компаниялардың 15-ші отырысына қатысты

02.06.2021    Көрулер: 1659
COVID-19 пандемиясына байланысты қолданыстағы шектеулер үшін ХМТҚ-қа қатысушы елдердің кезекті отырысы бейнеконференция форматында өтті. Күн тәртібіне энергия тиімділігі, жеткізу, пайдалану және заң мәселелері бойынша тұрақты сараптамалық топтардың қызметі мәселелері кірді. Қатысушылар ХМТҚ қамқорлығымен құбыр саласындағы күрделі құрылысты цифрландыруға арналған дөңгелек үстел өткізу туралы ақпаратты тыңдап, объектілерді жобалау және салу кезінде цифрлық трансформация көмегімен тиімділікті, сапаны және қауіпсіздікті арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.  
Сондай-ақ, онлайн-отырыс барысында 2022 жылы «Үздік маман» Халықаралық байқауы «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ объектілерінде өтетіні туралы шешім қабылданды.
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы қатысушы компаниялардың мұнай тасымалдау жүйелерін тиімді дамыту жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге жәрдемдесу және халықаралық мұнай тасымалдау тұрақтылығын нығайту үшін 2013 жылы құрылған. ХМТҚ қызметі шеңберінде тариф белгілеу, диагностика, мұнай құбырларын пайдалану, мұнайды (мұнай өнімдерін) сақтау, еуразиялық кеңістікте мұнай тасымалдаумен байланысты стратегиялық қадамдарды әзірлеу мәселелері талқыланады.
 


Серiктестер