KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

2017 жылғы 12 қыркүйекте Standard & Poor’s Global Ratings халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-ты қоса алғанда қазақстандық бес компанияның кредит дәрежесі «Жағымсыз» деген болжаммен «ВВ» деңгейінде екендігін қуаттады

 14.09.2017    213
Қазақстан Республикасының егемендік кредит дәрежесі бойынша болжам таяуда қайта қаралып, «Жағымсыздан» «Тұрақтыға» «ВВВ-» деңгейінде қуатталғаннан кейін 2017 жылғы 12 қыркүйекте S&P қазақстандық бес компанияның кредит дәрежесін «Жағымсыз» деген болжаммен растады. S&P «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың (бұдан әрі – ҚМГ) ұзақ мерзімді дәрежесін «ВВ» деңгейінде және «kzA» ұлттық шкаласы бойынша дәрежесі, соның ішінде ҚТО дәрежесі де «Жағымсыз» деген болжаммен «ВВ» деңгейінде екендігін қуаттады. S&P ҚТО-ның өз кредит қабілетін (bb+) деңгейінде бағалайды және қиын қаржылық ахуалда мемлекеттен тікелей төтен қолдау алу «жоғары» мүмкіндігін, сондай-ақ ҚМГ үшін ҚТО-ның «жоғары» стратегиялық маңызы туралы пікірді ескереді. S&P қазіргі кезде ҚТО дәрежесіне ҚТО-ның өз кредит қабілетінің жоғары бағалануын ескеріп, мемлекеттен қолдау алу мүмкіндігі есебінен қосымша сатылар қосып отырған жоқ. ҚТО дәрежесі бойынша «Жағымсыз» болжамы ҚМГ дәрежесі бойынша осындай болжамды білдіреді. S&P пікірінше, ҚТО дәрежесі ҚМГ дәрежесімен тежеледі. S&P ҚМГ дәрежесіне қатысты болжам «Тұрақтыға» қайта қаралған жағдайда ҚТО дәрежелері бойынша да осындай дәрежелеу әрекеті болуы мүмкін екендігін атап көрсетеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қазіргі дәрежесі «ВВ». «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер