KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

2017 жылғы 27 қарашада Standard & Poor’s Global Ratings халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың ұзақ мерзімді топтық кредит дәрежесінің «ВВ» деңгейден «ВВ-» деңгейіне төмендегені туралы хабарлады

 27.11.2017    232
2017 жылғы 27 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың (бұдан әрі – ҚМГ) дәрежесі «ВВ» деңгейден «ВВ-» деңгейіне «Тұрақты» болжаммен төмендегеннен кейін S&P «ҚазТрансОйл» АҚ-тың ұзақ мерзімді топтық кредит дәрежесінің «ВВ» деңгейден «ВВ-» деңгейіне төмендегені туралы хабарлады, болжам – «Тұрақты». S&P ҚТО дәрежесін ҚМГ дәрежесімен шектеп отыр, өйткені S&P пікірінше ҚМГ тобы үшін ҚТО «бірқалыпты стратегиялық маңызды» компания, сондықтан қаржылық қысылтаяң жағдайда мемлекеттен дер кезінде әрі жеткілікті төтенше қолдау болу мүмкіндігі «жоғары». S&P мемлекет тарапынан үстеме ықтимал қолдау болу мүмкіндігін ҚТО дәрежесі құрамында есепке алып отырған жоқ, бұл ҚТО-ның кредиттік қабілеті салыстырмалы түрде «bb+» деңгейінде болуымен байланысты, ал ол КМГ-ның өзінің кредиттік қабілетінен («bb») жоғары. S&P ҚТО-ның дәрежесі бойынша «Тұрақты» болжам ҚМГ-ның дәрежесі бойынша осындай болжамды білдіреді. ҚТО-ға қатысты кез келген жағымсыз немесе жағымды әрекет ҚТО-ның өзінің кредиттік қасиетін бағалаудағы өзгерістерден гөрі көбінесе ҚМГ-ға қатысты осындай дәрежелік әрекеттермен байланысты болмақ.
Реакция:
Серiктестер