KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма құрамының өзгеруі жөнінде

 22.12.2017    346
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылдың 13 желтоқсанындағы шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі Берлібаев Мадияр Әмірбайұлының уәкілеттілігі 2017 жылдың 15 желтоқсанында уақытынан бұрын тоқтатылды. Махин Жайық Түгелұлы 2017 жылдың 20 желтоқсанынан «КазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды. Махин Жайық Түгелұлы 1982 жылдың 30 маусымында дүниеге келді, білімі жоғары. Ресей СІМ МГИМО (Университеті) «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша ағылшын тілімен экономика бакалаврі және экономика магистрі академиялық дәрежесін алды. 2014 жылы жоғары біліміне қосымша Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет және халықтық шаруашылық академиясының «Іскер әкімшілік магистрі - Master of Business Administration (МВА)» біліктілігімен «МВА: менеджмент – халықаралық бизнес» бағдарламасы аясында қайта даярлау жөніндегі дипломын иеленді. Еңбек жолын «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ бюджеттеу және экономикалық талдау департаментіне қарасты қаржылық-экономикалық модельдеу бөлімінің маманы ретінде бастады. Кейін осы бөлімнің бас маманы, сарапшысы, стратегия және жобаларды дамыту департаментінің халықаралық сатып алу бөлімінің бас сарапшысы, стратегия және жобаларды дамыту департаментінің халықаралық сатып алу бөлімінің басшысы және жаңа жобалар департаментінің біріктіру және қосып алу бөлімінің басшысы, «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ бірлесіп бақыланатын ұйымдардағы үлестерді басқару жөніндегі департаменті директорының орынбасары. «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылық қызметтерінде болды. «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ бас директордың кеңесшісі, «Фирма «АЛМЭКС ПЛЮС» ЖШС қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директордың экономика жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер