KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» «Өзен-Атырау-Самара» бағытындағы мұнай құбырының 34 шақырымын қайта жөндеді

 24.10.2018    335
«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара» бағытындағы 1031 – 1065 шақырымында барлығы 34 км учаскіде құбырды ауыстырды.

Мұнай құбырын пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін және оның қызметін неғұрлым ұзақ мерзім қолдану мақсатында зауыттан шыққанда-ақ оқшауланған қорғанысы бар құбыр пайдаланылды. 2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара» бағыты бойынша ұзындығы 31 шақырым болатын мұнай құбырын ауыстыруды жоспарлап отыр. Олар; 801 – 807 км, 813 – 824 км, 830 – 831 км, 837 – 840 км, 851 – 853 км, 857 – 859 км және 862 – 867 км. «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының Қазақстандағы учаскесі 1235,3 км құрайды. Ол бойынша Батыс Қазақстан мұнай кен орнындағы мұнай тасымалданады.
Реакция:
Серiктестер