KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Кеңкияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсі жобасы жалғасуда

 28.11.2018    328
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов бастаған делегация Бейжіңде Мэн Фаньчун бастаған қытайлық компания қатысушылары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар «Кеңкияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің алғашқы кезеңін жүзеге асыру барысында туындаған мәселелерді талқылады. Атап өту керек, бұл жобаны толықтай іске қосу 2019 жылға жоспарланып отыр. Өздеріңізге белгілі, өнімділікті 6 млн тоннаға дейін ұлғайтатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсі жобасы, Қазақстан-Қытай мұнай құбырындағы өткізу мүмкіндігін көбейтуге арналған жобаның жалғасы. «Кеңкияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсі іске қосылған уақытта батыс Қазақстан облыстарындағы мұнай кен орындарынан мұнайды ҚХР экспорпттауға мүмкіндік туады. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер