KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметтер сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

 04.04.2019    231
SGS сертификация жөніндегі халықаралық орган аудиторлары 2018 жылы «КазТрансОйл» АҚ –та сапа, экология, денсаулық және қауіпсіздік менеджмент жүйесінің және энергия тиімділігінің арттырудың ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 (ИМЖ) халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келуіне сертификациялық аудит жүргізді. ИМЖ сертификациялық аудитіне «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ Атырау МҚ, Маңғыстау МҚ, Жезқазған МҚ, Қарағанды МҚ қатысты. Аудит қорытындысы бойынша акционерлік қоғам қызметінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007 және ISO 50001:2011 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келуін растайтын «ҚазТрансОйл» АҚ-қа жаңа үш жылдық кезеңге арналған сәйкестік сертификаттары берілді. Компанияны сертификаттау жоғары сапалы қызметтерді, барлық мүдделі тараптармен қатынастарды нығайтуды, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өсуі және тұрақты дамуы үшін келісілген негізді қамтамасыз ететін қасиеттерді көрсетеді.
Реакция:
Серiктестер