KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ мамандары «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының тарихындағы ең ірі күрделі жөндеу жұмыстарын жоғары деңгейде аяқтады

 31.10.2019    317
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы 2019 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) мамандары қатысқан жоспарлы-алдын ала жұмыстарды (ЖАЖ) сәтті аяқтады. ҚПО «Қарашығанақ-Атырау» экспорттық құбырының желілік бөлігінде (KATС) және Атырау Терминалы мен Үлкен Шаған мұнай айдау станцияларында ҚПО мен ҚТО арасында 2019-2021 жылдарға KATС-ті пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге жасалған келісімшарт аясында бірлескен жұмыстар жүргізілді. ЖАЖ жүргізу үшін кен орнының барлық өндірістік объектілері, Қарашығанақ өңдеу кешені мен өнімді жинау жүйесін қоса, толығымен тоқтатылды. ҚПО тарихындағы ең ірі күрделі жөндеу жұмысы қоршаған ортаға зиян келтірместен және қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын сақтай отырып жүргізілді. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы мамандарының үйлесімді жұмысын атап өтті, олардың кәсіби тәжірибелері мен жігерліктерінің арқасында барлық алға қойылған мақсаттар мен міндеттер уақтылы, сапалы және қауіпсіз іске асырылды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 1,2 млрд тонна мұнай мен 1,35 трлн м³ газы бар Қарашығанақ кен орны Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Оны өндеуді 5 мұнай және газ өндіруші компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жүргізеді: Shell (100% аффилирленген «Би Джи КарачаганакЛимитед» компаниясы арқылы - 29,25%), Eni (100% аффилирленген «Би Джи КарачаганакЛимитед» компаниясы арқылы - 29,25%), Chevron (18%), «ЛУКОЙЛ» (13,5%), «ҚазМұнайГаз» (10%). Жалпы ұзындығы 635,5 км 24 дюймдік «Қарашығанақ-Атырау» мұнай құбыры 2003 жылы Қарашығанақ кен орнынан Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырына Атыраудағы терминал арқылы кейінгі экспортқа айдау үшін пайдалануға берілді. Құбырдың жобалық өткізу қабілеті - жылына 10 млн. тонна. «ҚазТрансОйл» АҚ 16 жылдан бері «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына «Қарашығанақ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетеді. 2018 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» 6 млрд 682 млн теңге сомасында жаңа келісімшарт жасасты. Осы келісімшарттың бюджеті 3 жылға, әрқайсысы 12 айға 2 кезеңмен ұзартылу мүмкіндігімен, 2019-2021 жылдарға арналған инфляция коэффициентін қолданып, қызмет көрсететін персоналдың еңбекақы қорының жыл сайынғы өсуін, ұсынылған автокөлік құралдарының бағасын ескере отырып есептелді. 2013 жылдан бастап 2018 жылды қоса алғандағы алдыңғы бесжылдық келісімшарттың бюджеті 6 миллиард 679 миллион теңгені құрады. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер