KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Дала лагерлері ҚТО вахталарында ұйымдастырылды

 01.04.2020    624
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның басымдықтары - адам денсаулығы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау. Коронавирустық пандемияға байланысты елдегі төтенше жағдай кезінде бұл басымдықтар нақты түрде орындалады. Жезқазған мұнай құбыры басқармасының, Батыс және Шығыс операторлардың сервистік қызмет көрсету басқармасының вахталық әдіспен жұмыс істейтін алыстағы мұнай айдау станцияларында ЖРВИ белгілері ықтимал бар науқастарды оқшаулау үшін арнайы вагондар ұйымдастырылды. Вагондардың ішінде жұмыскерлердің жайлы орналасуы үшін барлық жағдайлар жасалған - төсек-орын, медициналық тексеруден өтуге арналған жеке орын, электр желісі, сумен қамтамасыз етілген, шұңғылша және жеке гигиена құралдары қарастырылған. Сондай-ақ, Алматы облысындағы Шығыс операторлық қызмет басқармасының станциялары мен объектілерінде бір ауысымда жұмыс істейтін вахта жұмыскерлерінің арасында науқастар анықталған жағдайда дала жағдайында инфрақұрылым құрылды. Лагерьлерде даладағы асхана, бөлмеден тыс ас ішу және басқа да ыңғайлы жағдайлар қарастырылған.
Реакция:
Серiктестер