KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ 14 тамызда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізеді

 04.07.2023    176

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне (2023 жылғы 30 маусымдағы № 9/2023 отырыс хаттамасы) сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жалпы жиналыс) шақыру туралы хабардар етеді.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы – «ҚазТрансОйл» АҚ ірі акционері - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі - 346 172 040 (үш жүз қырық алты миллион бір жүз жетпіс екі мың қырық) жай акциялар немесе шығарылған және орналастырылған акциялардың жалпы санының 90%.

Жалпы жиналыс 2023 жылғы 14 тамыз 15 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 200-кабинет мекенжайы бойынша өтеді. Акционерлерді тіркеу 2023 жылғы 14 тамыз 10 сағат 00 минутта басталады. 2023 жылғы 14 тамыз 13 сағат 00 минутта аяқталады.

Кворум болмаған жағдайда Жалпы жиналыс 2023 жылғы 15 тамыз 15 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 200-кабинет мекенжайы бойынша қайта өтеді. Акционерлерді тіркеу 2023 жылғы 15 тамыз 10 сағат 00 минутта басталады. 2023 жылғы 15 тамыз 13 сағат 00 минутта аяқталады.

Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2023 жылғы 19 шілде.

Егер Жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін бұл тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарса, Жалпы жиналысқа қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттары ұсынулыға тиіс.

Жалпы жиналыстың күн тәртібі:

1. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Агостини Винишиус Алвестің және Мартинес Лопес Альбертоның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

2. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін, оның ішінде оның төрағасын сайлау туралы.

3. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің сайланған мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен шығыстарды өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.

4. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысына толықтыру енгізу туралы.

Жалпы жиналыс күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдармен акционерлер 2023 жылғы 1 тамыздан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 808-каб., 809-каб. мекенжайы бойынша, сондай-ақ https://kaztransoil.kz «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында таныса алады.

Жалпы жиналысты өткізу тәртібі:

Жалпы жиналыста дауыс беруге қатысу үшін Жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар адам осы хабарламада көрсетілген күндер мен сағаттарда ресми тіркеуден өтуге тиіс;

Жалпы жиналыс ашылғанға дейін келген акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі Жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге оның өкілеттігін растайтын, белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін Жалпы жиналысқа қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді. Тіркеуден өтпеген Акционер (акционердің өкілі) кворумды айқындау кезінде ескерілмейді және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ;

Жалпы жиналысқа шақырылған адамдар қатыса алады, бұл ретте мұндай адамдар жиналыс төрағасының рұқсатымен Жалпы жиналыста сөз сөйлеуге құқылы;

Жалпы жиналыс кворум бар болған кезде жарияланған уақытта ашылады;

Жалпы жиналыс төрағаны (төралқаны) сайлауды өткізеді және ашық немесе жасырын (бюллетендер бойынша) дауыс беру нысанын айқындайды. Жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру «1 (бір) акция - 1 (бір) дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады, ал шешім дауыс беруге қатысып отырған және қатысуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады;

«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік хатшысы Жалпы жиналыстың хатшысы болып табылады;

Жалпы жиналыс өз жұмысында үзіліс жасау және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде Жалпы жиналыстың күн тәртібінің жекелеген мәселелерін қарауды келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы;

Жалпы жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралғаннан және олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялана алады.

Жалпы жиналысты өткізудің өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысымен және «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен (2020 жылғы 27 мамырдағы №1/2020 хаттама) бекітілген «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережемен айқындалған.

Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай дауыс беру қарастырылмайды.

Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-48 және 50-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерін Жалпы жиналыстың жұмысына қатысуға шақырамыз. Жалпы жиналысқа қатысу үшін акционер - жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын ала келуі қажет.

Жалпы жиналысты өткізумен байланысты сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 55 52 05; +7 (7172) 55 53 62 телефондары, e-mail: a.dastan@kaztransoil.kz арқылы алуға болады.

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері болып табылатын тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері ғана Жалпы жиналысқа қатысу құқығына ие екеніне назарыңызды аударамыз. Акционерлер болып табылмайтын ілесіп жүретін тұлғалар, туыстар, балалар Жалпы жиналысқа қатыстырылмайды.

Реакция:
Серiктестер