KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

2023 жылдың І жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемі 21 млн 353 мың тоннаны құрады

 17.07.2023    914

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың І жартыжылдығының өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша  21 млн  353 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда  1 млн 394 мың тоннаға көп.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  214 мың тоннаға кеміп,  8 млн 816 мың тоннаны құрады. Оның ішінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-на 2 млн  857 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс»     ЖШС-на  2 млн  767 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай - химия зауыты» ЖШС-на  2 млн  776 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-на  415 мың тонна мұнай жеткізілді.

«Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі  4 млн  945 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жарты жылдығының көрсеткішінен  713  мың тоннаға көп.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша  5 млн  454 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  42 мың тоннаға көп.

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына  5 млн  509 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2022 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіш   204 мың тоннаға кеміді.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі  1 млн 190 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  640 мың тоннаға артық.

Ақтау портындағы танкерлерге «ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып мұнай құю  1 млн  639 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда  583 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы  16 млрд 808 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы І жартыжылдықтың көрсеткішінен  79 млн тонна-километрге көп.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы  21 млрд 535 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  196 млн тонна-километрге кем.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша  9 млн  287 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда  440 млн  мың тоннаға кем. Мұнайдың жүк айналымы  8 млрд  331 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы I жартыжылдықтың нәтижесінен 595 млрд  млн тонна-километрге кем.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн  731 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  109 мың тоннаға артық. Мұнайдың жүк айналымы  44 млн тонна-километрге артып, 1 млрд  102 млн тонна-километрді құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі  778 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда  275 мың тоннаға аз.

Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбыры бойынша «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС  14 млн  107 мың текше метр тұщы су берілді, 2022 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемінің азаюы  597 мың текше метрді құрады.

Реакция:
Серiктестер