KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 3 тоқсанында Өзбекстанға 31,1 мың тонна көлемінде ресейлік мұнай транзитін жүзеге асырды

 13.10.2023    443

2023 жылдың 3 тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ «Омбы - Павлодар - Шымкент - Шағыр мұнай құю эстакадасы» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 31,1 мың тонна Ресей мұнайын тасымалдады (теміржол цистерналарына құю арқылы).

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 тоқсанында магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстан Республикасына 10,7 мың тонна, 2023 жылдың 2 тоқсанында – 37,9 мың Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды.

Қазан айында Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзитінің көлемі 25 мың тоннаны құрады.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына тасымалдауды жүзеге асырады.

Ресей мұнайын Өзбекстан Республикасына «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы тасымалдау 2017 жылы басталды. Транзит көлемі 2017 жылы 67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 36 мың тоннаны құрады. 2019-2022 жылдары Ресей мұнайының Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиті жүзеге асырылмады.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзит мақсатында Ресейден шыққан мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметке тарифті 1 тонна үшін 25,12 АҚШ долларынан 27,9 АҚШ долларына дейін (ҚҚС-сыз) арттырды.


 
Реакция:
Серiктестер