KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының ұсынымдарын енгізеді

 17.11.2023    592
«ҚазТрансОйл» АҚ Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (International Association of Oil & Gas Producers, IOGP) үздік әлемдік тәжірибелері мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленген «Өмірлік маңызды ережелер» атты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кодексін бекітті.

IOGP ұсыныстары 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 100 IOGP мүше кәсіпорындарында 2 мыңнан астам өлімге әкелетін жазатайым оқиғаларды талдау нәтижелеріне негізделген.

«ҚазТрансОйл» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Өмірлік маңызды қағидалар» кодексінде жұмыс орнындағы тәуекелдер және жұмыскерлерді қорғау үшін сыни қорғау құралдарын/кедергілерді тиісінше пайдалану туралы ақпарат қамтылады.

Кодекстің талаптары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде корпоративтік мәдениетті, әрбір қызметкердің өндірістік жарақаттануға және кәсіптік ауруларға, авариялар мен инциденттерге жол бермеуге жеке мүдделілік деңгейін арттыруға бағытталған.

Құжатты бекіту Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы әзірлеген Vision Zero «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын дамыту жөніндегі жаһандық бастаманы іске асыруға жәрдемдесетін болады. Атап айту керек, «ҚазТрансОйл» АҚ бұл бастамаға 2022 жылы қосылды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
 және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер