KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ақпан айында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізді

 06.03.2024    1658

2024 жылдың ақпан айында «Адамова застава» мұнай жеткізу бекеті бағытында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы одан әрі Германияға жеткізу үшін тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі 100 мың тоннаны құрады. Осылайша, 2024 жылдың басынан бері Германияға 200 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізілді. Наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу бекетіне 1,2 миллион тоннаға дейін қазақстандық мұнайды жөнелтуді жоспарлап отыр.

2023 жылы осы бағыт бойынша қазақстандық мұнайды Германияға жеткізу үшін тасымалдау көлемі 993 мың тоннаны құрады.

Қарашығанақ кен орнынан Германияға мұнай экспорттау бағыты «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының 1150,3 шақырымында орналасқан «Үлкен Шаған» мұнай айдау стансасында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнайды қабылдаудан басталады. Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының 1235 шақырымындағы қабылдау-жеткізу пунктінде «Транснефть» ЖАҚ мұнай құбыр жүйесіне жеткізіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Транснефть» ЖАҚ-ның құбыр жүйесімен Ресей Федерациясының аумағы арқылы мұнайды «Унеча» мұнай жеткізу бекетіне дейін транзитпен тасымалдауды қамтамасыз етеді. Келесі кезекте қазақстандық мұнай Беларусь Республикасының аумағы арқылы «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ құбыр жүйесі арқылы Польшадағы «Адамова Застава» мұнай жеткізу бекетіне айдалады және одан әрі Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін польшалық PERN компаниясына жеткізіледі.

Реакция:
Серiктестер