KZTO 836,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

2024 жылдың бірінші тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстанға 75 мың тонна ресейлік мұнайды транзит арқылы тасымалдады

 15.04.2024    756
2024 жылдың бірінші тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 75 мың тонна ресейлік мұнай тасымалдады, осы жылдың сәуір айында компания аталмыш бағыт бойынша 50 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр.

2024 жылы жалпы көлемі 550 мың тоннаға дейінгі мөлшерде Ресей мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстан Республикасына транзитін қамтамасыз ету жоспарлануда.

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстан Республикасына 154,3 мың тонна ресейлік мұнайды тасымалдады.

«ҚазТрансОйл» АҚ ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес тасымалдайды.
 
Реакция:
Серiктестер