KZTO 836,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры өндірістік нысандарды тасқын судан қорғау жұмыстарымен танысты

 15.04.2024    740
Атырау мұнай құбыры басқармасына жұмыс сапары аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында ұзындығы 700 метр су бөгетін салу жұмыстарының барысымен танысты. Су бөгетін салуға «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 24 қызметкері және 17 арнайы техникасы жұмылдырылған.
       
Сонымен қатар, Талғат Құрманбаев Н.Шманов атындағы мұнай айдау станциясына барды. Станцияның резервуарлық паркі жағынан жалпы ұзындығы 500 метр су бөгеті салынуда. Оған 25 қызметкер мен 1 арнайы техника тартылған. 
  
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Бас директоры (Басқарма төрағасы) салынып жатқан су бөгеттерінің мақсаты мұнайды үздіксіз тасымалдау процесін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, компанияның өндірістік нысандарын су тасқыны қаупінен қорғау жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.
 
 
Реакция:
Серiктестер