KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарында тасқын судан қорғау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

 19.04.2024    725
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды сенімді және қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін өндірістік объектілерде бөгет тұрғызу жұмыстарын жүргізуде.

Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында (МАС) тасын судан алды алу үшін  ұзындығы 700 метрге жуық қорғаныс бөгетін тұрғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал Н.Шманов атындағы МАС-та жалпы ұзындығы 500 метр болатын резервуарлық парк жағынан учаскені бөгетпен қоршауды жүзеге асыруда. «Индер» МАС-та ұзындығы 545 метр су тазарту құрылыстарының жағалау сызығын нығайту бойынша жұмыстар аяқталуда. Ұзындығы 500 метрлік «Үлкен Шаған» МАС және Н.Шманов ат. МАС маңындағы «Соколок» каналының периметрі бойынша бөгет тұрғызылды.

«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының желілік тораптарының, бақылау және басқару пункттерінің үйінділерін күшейту жұмыстары орындалды.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырларының су асты және әуе өткелдері бойынша су деңгейінің едәуір артуы байқалатын учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылған.

Атап айту керек, «ҚазТрансОйл» АҚ инфрақұрылымы су тасқыны кезінде бұзылған жоқ.
 
Реакция:
Серiктестер