KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ 2011 жылғы 12 айдағы қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін қорытындылады

 06.04.2012    273
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 66 млн. 825 мың тонна құрады. 2010 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі (2010 жылы 12 айда 65 825 мың тонна болған) 2% өскен. Есеп беру кезеңі бойынша шоғырландырылған жүк айналымы 42 млрд. 243 млн. тонна км құрады, бұл көрсеткіш жоспарлы межеден 4%, ал 2010 жылмен салыстырғанда 2% жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады. Есеп беру кезеңі бойынша су беру көлемі 21 млн. 192 мың текше метр болды және бұл жоспарлы межеден 16% арттық болса, 2010 жылмен салыстырғанда 1% төмен. Компанияның негізгі қызметінен кіріс көлемі 140 млрд. 352 млн. теңге құрады, бұл жоспарлы межеден 6%, 2010 жылмен салыстырғанда 2% арттық. Бұл жоспардан асу мұнай тасымалдау көлемінің артуына байланысты. Компанияның жалпы және әкімшілік шығыстары төмендеді: бұл көрсеткіш 6 млрд. 730 млн. теңгені немесе 2010 жылғы деңгейдің 35%-ын құрады. 2011 жылдың алғашқы қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 2010 жылдың көрсеткішінен 32% арттық немесе 26 млрд. 133 млн. теңге. «ҚазТрансОйл» АҚ ұдайы даму үстіндегі кәсіпорын ретінде бағаланса, оның қызметі мұнай тасымалдау саласындағы заманауи ағымдарға сай келеді. «Өткен жылдың қорытындысына біздің көңіліміз толады, компания алдына қойылған барлық стратегиялық міндеттерді жүзеге асыра білді. Кеңесшілер мен жалғыз акционеріміз «ҚазМұнайГаз«ҰК АҚ бекіткен межеге сай мемлекетіміздің азаматтарына акцияларды ұсынуға дайын боламыз деген үміттеміз» деп «ҚазТрансОйл» АҚ (басқарма төрағасы) бас директоры Қайыргелді Қабылдин өз сөзін сабақтады. «ҚазТрансОйл» АҚ Халықтық IPO қарқынды дайындық үстінде. Компания ішкі процесі мен бірлескен басқару жүйесін қайта құруда. Акцияның көлемі және орналастыру жүйесі, сондай-ақ құны толық талдаудан өткен соң «ҚазМұнайГаз«ҰК АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіліп қосымша хабарланатын болады. «ҚазТрансОйл«АҚ - «ҚазМұнайГаз«ҰК АҚ еншілес компаниясы, ол Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдайтын негізгі операторы, салалық ішкі құрылымды дамытуға, энергетикалық шикізаттың жеткізу бағытын оңтайландыру, құрылыс жүргізу үшін инвестиция тарту жұмыстарына белсене араласады. Қоғам Қазақстанның мұнай құбыры жүйесінің басым бөлігін пайдаланады және ұзақтығы 5 309,7 км мұнай құбырын, 2154,8 км су таратқышты басқарады. Қазіргі таңда компания Қазақстанда өндірілетін барлық мұнайдың 58% тасымалдайды. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер