KZTO 836,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ-да электр қалқандарында автономды өрт сөндіру құрылғысын орнату ұсынылды

 11.04.2024    999
Атырау мұнай құбыры басқармасында «Қорғау» картасы бойынша комитетінің шешімімен 2024 жылдың наурыз айы қорытындысында «Үздік Қорғау картасы» сертификатының  жеңімпазы анықталды.

Наурыз айы қорытындысының «Үздік Қорғау картасы» сертификатын Электрохимиялық қорғаныс және әуе желілерін жөндеу мен қызмет көрсету участогының бастығы Жансейіт Урымбасаров иеленді. Ж.Урымбасаов «Қорғау» картасында электр қалқандарында өрт сөндіргіш аэрозоль генераторын қолдана отырып, автономды өрт сөндіру құрылғысын сатып алуды және орнатуды ұсынған. Электр қалқандарын жабдықтау қысқа тұйықталудан, сымдардың қызып кетуінен өрттің алдын алады. Жұмыс принципі: Электр қалқанында қысқа тұйықталу немесе өрт қаупі төнсе «ЭТАЛОН ЩИТ» автономды өрт сөндіру құрылғысы іске қосылады да өрт сөндіргіш аэрозоль бөлінеді, ол орнатылған электр қалқанының ішін толтырады, осы кезде ұшқындар өрт процесіне ұласпай және оның одан әрі таралуын бірден тоқтатады. Бақылаушының ұсынысы қаперге алынып, электр қалқандарына орнату қолға алынды.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер