KZTO 836,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ жұмысшылары Құлсары қаласының эвакуацияланған 780 тұрғынына дастархан жайды

 12.04.2024    1051
«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармаға қарасты бөлімшелер қаражат жинап, Ақтау қаласындағы 17-ші шағын аудандағы студенттер жатақханасына уақытша орналасқан Құлсары тұрғындарына азық-түлік, тұрмыстық және гигиеналық керек-жарақтар, оқушы балаларға канцеляриялық тауарлар жеткізді. Сонымен қатар жатақхананың 780 тұрғыны үшін түскі және кешкі ас ұйымдастырылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен 19 адамға «Бейнеу» ЖӨДС жатақханасынан орын берді. Қазір су тасқынынан зардап шеккен әйелдер мен балалар қауіпсіз жерде орналасқан. Олар ең қажетті деген заттармен, 3 мезгіл ыстық тамақпен, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Мұнайқұбыршылар Құлсары қаласының 100 тұрғынын бірінші қажеттіліктегі құралдармен, азық-түлікпен, киім-кешектермен, аяқ киіммен, шаруашылық және балалар тауарларымен қамтамасыз етті. Эвакуацияланған азаматтар Маңғыстау облысы Өмірзақ ауылының орта мектебінде өндірістік аймаққа жақын орналасқан.

Бұдан басқа, Ақтау қаласының 17 шағын ауданының жатақханасында Құлсарыдан көшірілген тұрғындарға бірінші кезекте керек-жарақ заттары мен азық-түлік, оқушыларға кеңсе құралдары жеткізілді. Жатақхананың 780 тұрғыны үшін түскі және кешкі ас ұйымдастыру жоспарлануда.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер