KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Павлодар мұнай құбыры басқармасында шахматтан жарыс өтті

 17.04.2024    854
Жаңару күні қарсаңында Павлодар мұнай құбыры басқармасы қызметкерлерінің арасында шахматтан жарыс өткізілді. Аталмыш сайысты жас мамандар кеңесі ұйымдастырып, бастапқы кәсіподақ ұйымы қолдау білдірді.
 
Зияткерлік біліктілік бәсекеге түскен додаға қатысқандар арасындағы тартыс оңай болған жоқ.  Нәтижесінде жоспарлау-экономикалық қызметінің бөлек есеп жөніндегі экономисі Мағзам Бейсембетов  жеңімпаз атанды.
 

– Басқарма бойынша бұдан бұрын ұйымдастырылған жарыстарда жолым болған жоқ. Биылғы жарысқа табанды дайындалдым десем де болады. Шахматтың сыры көп, оны әлі де меңгере түсуге тура келеді. Бұл жеңіс маған дайындықтың арқасында келді деп ойлаймын, - дейді әріптесіміз.
 
Екінші орынды «Екібастұз» МАС-тың бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі инженері Нұрлан Кәрімтаев иеленсе, өндіріситік қзмет көрсету басқармасының темір жонушысы Нұрбек Нұрғалиев үшінші орынды қанжығсына байлады.

 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер