KZTO 843,00 (+1,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (+1,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Атырау мұнай құбыры басқармасының Жайық өзені жағасындағы өндірістік нысанды су тасқынынан қорғау шаралары жүргізілуде

 19.04.2024    908
Атырау мұнай құбыры басқармасының су асты техникалық жұмыстар учаскесі Жайық өзені жағалауында орналасқан. Мұнда екі қатарлы әкімшілік-тұрмыстық ғимарат, су асты мұнай құбырларына қызмет көрсету және апат бола қалған жағдайда жедел әрекет етуге арналған суда жүзу катерлері, қондырғылар мен құрылғылар және басқа да мүліктер қоймасы бар. Су тасқыны қаупі жарияланғалы катерлер мен қойма-контейнерлер Орталық қоймаға көшірілді. Учаскенің Жайық өзені жағасындағы 120 метр периметрі бойына топырақ толтырылған қапшықтармен бөгеттер дайындалды. Оны басқарма қызметкерлері өз күштерімен атқарды. Су бөгетін салуға 700-ден аса қапшық пайдаланылды. Жұмысты жүргізуге басқарманың 50-ге жуық қызметкері атсалысты. Бүгінде учаскенің әкімшілік-тұрмыстық ғимаратын қоршай су бөгеті салынуда. Оның ұзындығы 55 метр құрайды. Оған 1 мың топырақ салынған қаптар дайындалуда.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер