Пресс-центр

Участники международного конкурса «Лучший по профессии - 2019»

KTO_logo

В номинации «Лаборант химического анализа»

Айман Сисекенова
Айман Сисекенова: «По запаху чистоту нефти не определишь»


Должность: лаборант химического анализа нефтеперекачивающей станции «Прорва» Кульсаринского нефтепроводного управления

Возраст: 28 лет

Стаж работы в АО «КазТрансОйл»: 7 лет

Профессиональные победы: в 2015 году - 1 место 1 тура и 2 тура конкурса «Лучший по профессии»


Да, я работаю в лаборатории, где определяю качество нефти. Но я не учёный.
Надо же, уже 7 лет прошло. Время летит быстро. Если не заметила, значит ни одного скучного дня. Кстати, мой первый день в этом здании запомнился тем, что я проходила собеседование. Сейчас вспоминаю, и мне так смешно. Меня тогда «топили» вопросами. Но я-то молодая, голова «свежая». Отвечала быстро – как будто уже 20 лет проработала и ни годиком меньше. Приняли меня без промедления!

Знаете, чем я страдаю? Синдромом отличницы. Пока не выполню поставленную задачу, причем на высшем уровне, не успокоюсь. Заучить ответы на 3000 вопросов - легко.

Скучаю сильно...по доченьке. Ей всего 3 годика. Скучаю по мужу, родным. Когда возвращаюсь с вахты, то каждую минуту с ними расписываю так, чтоб максимально вместе, максимально весело.

Любим пикники устраивать. Вы думаете, мы не обсуждаем работу? Еще как обсуждаем. Вместе со мной работают моя мама, ее брат и сестра. Бабушка и дедушка тоже работали.

Когда родственники собираются к нам в гости, они непременно говорят: «Айман, готовь плов». Он на самом деле вкусный. Сразу скажу, особого секретного рецепта нет.

Девушка с огромным талантом и весом. Она ставит цель и меняет свою жизнь. «200 пудовая красотка» китайского режиссера – мой самый любимый фильм. Я его уже раз сто пересмотрела. Я не вижу определенной параллели со мной, но меня восхищает в человеке упорство и честность, прежде всего, с самим собой.

Лаборатория - очень ответственный участок. Есть три группы нефти. Мы должны пропускать исключительно нефть первой группы, то есть чистую. Все остальное мы возвращаем обратно. Несколько этапов проверки проводим, ведь по запаху чистоту нефти не определишь.

На работе в красивом платьице не походишь. Обязательно белый халат, который непременно выпачкается в каплях нефти. И мне это чертовски нравится. В это сложно поверить, но я люблю пачкаться нефтью. В детстве видела картинку, на которой был изображен человек с нефтью в руках. Этот образ так врезался мне в память, я бредила идеей подержать нефть. Вот не зря нефть называют черным золотом. Манит она сильно.

Свою лабораторию я могу разложить на атомы. Я ее знаю всю. Готова изучать что-то новое. А так как у меня синдром отличницы, то не сомневаюсь, что освою любой участок.

Я, наверное, только однажды испытала страх. Когда меня впервые отправили на профессиональный конкурс, сказали ни в коем случае не проиграть, так как с города нашего еще никто не становился победителем. Взяла я первое место и, конечно же, вошла в раж.

Любовь живет не три года. Она с каждым годом трансформируется во что-то новое, она становится сильнее.

Мне кажется, у нашей компании есть душа и свой характер. Если сравнить компанию с личностью, то можно было в двух словах описать так: уверенный и рациональный.

Я давно рисую. Говорят, у меня хорошо получается. Больше всего нравится рисовать сказочные персонажи. Мои готовые наброски принцесс ждут своего красочного часа. Дочка вырастет и разукрасит их.

В номинации «Оператор товарный»

Усер Дарибай
Үсер Дәрібай: «Мұнайшы болмағанда, мұнайшының өмірін суреттейтін кино түсірер едім...»


Жасы: 22 жыл

Жұмыс өтілі: 2 жыл

Кәсіби жетістіктері: 2018 жылы – «Үздік маман» байқауында 1 орын


«Аты аңызға айналған, батыр ата Бауыржан Момышұлы - мен құрметтеп, үлгі тұтатын ірі тұлға. Ол кісінің шығармаларын, артында қалған ғибаратты дүниелерін оқығанда, Бауыржан бабамыздың темірдей тәртібіне, талапшыл мінезіне қызықтым һәм таңғалдым. Батырдың «Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ» деген мірдің оғындай сөзі маған қатты әсер етті. Жаттап алдым. Тіпті өмірлік кредомы айналды». Бұл сөздердің авторы әскери қызметкер емес. Жазушы да емес. Мұнайшы - Үсер Дәрібай.

Ол – «ҚазТрансОйл» АҚ тауар операторы болып жұмыс істейді. Биыл «Үздік маман» конкурсының екінші турында «Тауар операторы» мамандығы бойынша 1 орын алған.

Үсер Дәрібай – еліміздегі мұнай тасымалы бойынша ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамында 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Алып компаниядағы алғашқы қадамын желілік мұнай құбыршысы ретінде бастаған. Ол кезде Үсер небәрі жиырмада ғана болатын. Жалындап тұрған еңбекқор жас бірден көзге түседі. Каспий өңірінің заманауи колледжінен «техникалық жабдықтау және жөндеу, қызмет көрсету» мамандығы бойынша алған білімін көрсетеді. Үсер жұмысын жақсы көреді, асқан ыждаһатпен істейді. Себебі бұл сала - жанына жақын. Қанында бар кәсіп.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің...» Атыраулық әр отбасында бір мұнайшының болуы - заңдылық. Мұнайлы өлкеде дүниеге келген менің де осы салада жұмыс істейтінім әу баста белгілі болды. Әрине, егер мен қаласам, ата-анам кез келген университетте, өзім таңдаған мамандықты оқуға рұқсатын берер еді. Тоғызыншы класты бітіргенде, анашым «заңгер немесе қаржыгер болғың келмей ме» деп сұрады. Келіспедім. Себебі, біріншіден, біздің елде олар көп. Екіншіден, адам өзі көтере алатын шоқпарды ғана беліне байлауы тиіс. Яғни, қолынан келетін, икемі бар іспен айналысқаны жөн. Ал мен мұнай саласына бейім екенімді ұқтым. Өзімді басқа жұмыста тіпті де елестете алмаймын. Егер мұнайшы болмағанда, мұнайшы туралы кино түсіретін едім», - дейді Үсер.

Мұнай – Қазақстан экономикасының өзегі, локомотиві. Ал сол баға жетпес қара алтынды ішкі нарыққа және экспортқа тасымалдау қызметтерін мұнай тасымалы бойынша ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» АҚ жүзеге асырады. Сондықтан мұнайды өндіруге, экспорт және импорт мәселелерін ұйымдастыруға, магистральдік мұнай құбырларын реттеуге атсалысып жатқан әрбір маман – күллі халыққа пайдалы қызмет етіп жатқаны сөзсіз. Сондықтан да Үсер Болатұлы ауыр да абыройлы жұмысын мақтан тұтады. Осы саланың білімі мен білігі ұштасқан майталман білгірі болу үшін барын салады. Атырау мұнай және газ университетінде оқуын жалғастырып жатқаны - осы сөзіміздің дәлелі.

«Өмір – қозғалыс. Бір сәт тоқтасаң, көп дүние уысыңнан шығады. Сондықтан талмай оқуға, кідіріссіз ізденуге тиіспіз», - дейді Үсер Болатұлы.

Ол компания ішінде де бір орында, бір қызметте тұрақтап қалғанды жөн көрмейді. Жұмыстың қиындығынан қорықпайды. Жаңалыққа, өзгеріске құштар. Үсер желілік мұнай құбыршысы, Т.Қасымов атындағы мұнай тасымалдау станциясында құрылғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету слесарі болды. Қазір тауар операторы ретінде жұмыс істейді. Тауар операторының міндеті - мұнай өнімдерін қабылдау, оны орналастыру және шашауын шығармай сақтау, құрамын бақылау. Бұл жұмыс асқан жинақылықты, шапшаңдықты талап етеді. Мұнай өнімдерінің трансферіне неғұрлым аз уақыт жұмсалса, соғұрлым оны ары қарай өңдейтін, тасымалдайтын компанияға тиімді. Сондай-ақ тауар операторы жауапты, стресске төзімді болуы міндетті. Химия, физика, логистика салаларының негіздерін білуі тиіс.

Үсер осы қызметтерді мүлтіксіз атқаруына тәлімгері Луиза Абдуллақызы себепкер болғанын айтады.

«Сол кісінің жол көрсетіп, жөн сілтеуінің нәтижесінде кәсіби маман ретінде қалыптасып келемін. Луиза Абдуллақызы жұмысыма қажетті жаңа технологияларды қолдануды үйретіп қана қоймай, оның маңызы мен мәнін де жалықпай түсіндіретін. Бұл – жас мамандар үшін зор қамқорлық, таптырмас мүмкіндік. Оқуын бітіре салып, жұмысқа жаңа араласқан жасқа алдыңғы толқынның осылай қолтықтан демегені, теориялық білімдерін өндірісте жасқанбай жүзеге асыруы үшін бағыт-бағдар беріп, көмектескені ауадай қажет» - дейді жас маман.

Батыр Бауыржан Момышұлының өмір жолын үлгі тұтқан, оның шығармашылығын терең түйсінген, тағлымын сіңірген азамат өз саласында биіктерді бағындырмай қоймайды. Өйткені Үсердің бойында білім де, тәжірибе де, қайыстай жігер де, тастай талап та бар.

В номинации «Оператор нефтеперекачивающей станции»

Антон Артюшенко
Антон Артюшенко: «Работа оператора нефтеперекачивающей станции неоценима»


Возраст: 32 года

Стаж работы в АО «КазТрансОйл»: 11 лет

Профессиональные победы: в 2016 году - 1 место 1 тура и 3 место 2 тура конкурса «Лучший по профессии»; в 2017 году - 1 место 1 тур и 4 место 2 тура конкурса «Лучший по профессии»


В моем детстве в Экибастузе, мне кажется, все жили одинаково. Помню, каждый выносит во двор то, что у него есть: кто-то - велик, кто-то - мяч. И на улице все это, как-то негласно, становилось общим. Еще я помню, тогда впервые появились батончики Сникерс. О, как я их любил.

Футболистом хотел стать. Занимался в секции, выезжали с ребятами по области играть за наш город. Потом пришел новый тренер и мы с ним как-то не нашли общий язык. Сейчас и не вспомню почему. Уже несколько лет бегаю, в марафонах участвую. Пробегаю десятку. Стать Ironman? А почему нет?! Велосипед есть, катаюсь. Плавать тоже умею. Просто в Экибастузе это направление не развивается пока.

Хотел поступить на грант, но не смог пройти, к сожалению. В то время двое моих старших братьев уже учились на коммерческих отделениях и родителям было бы тяжело «потянуть» еще одно обучение на платной основе. Пошел учиться в Павлодарский химико-механический колледж, который окончил с красным дипломом. Разослал резюме в разные компании, и компания «Казтрансойл» меня пригласила к себе. Уже больше 10 лет мы вместе.

Каким бы ты ни был дипломированным специалистом, стать профессионалом в первый же рабочий день невозможно. Мой старший наставник Сабидолла Жакенович Садуов подарил мне те знания, которые без него бы я получал с помощью сотен проб и ошибок. Говорю об этом без пафоса.

Нефть всегда хотят своровать. А моя работа заключается в том, чтобы вовремя среагировать на такие попытки. И профессия оператора нефтеперекачивающих станций неоценима. Малейшая невнимательность - огромные потери.

На работе редко когда находится место творчеству. Но все же бывает. К примеру, рассаживал цветы на станции так, чтоб они образовали собой форму часов, раскрашивал клумбы в яркие цвета. Чем не творчество?!

В школе и колледже была команда КВН. Юмор люблю. Чувство юмора в человеке – отличная черта. С шутником, конечно, интереснее работать, нежели с серьезным молчуном.

Я уже несколько лет - донор. Был случай, когда в сдаче крови нуждалась бабушка друга. Потом начал постоянно сдавать кровь. Понимаю, что это ответственная миссия. Поэтому стараюсь вести правильный образ жизни. Это важно. За два дня до сдачи нужно соблюдать определенную диету. Ты же идешь помогать людям. А если накануне таблетки пил или алкоголь? Кровь, конечно, возьмут, а потом ее выльют. Зачем тогда такой донор нужен вообще?

Люблю летом работать. Выходишь на обход НПС, а там суслики бегают, бабочки летают. Красота!

В номинации «Линейный трубопроводчик»

Рустембек Жильгелдиев
Возраст: 36 лет

Стаж работы: 15 лет

Профессиональные победы: в 2017-2018 годах – 1 место конкурса «Лучший по профессии»


Балалық шаққа саяхат жасайтын болсам, «Қосшығұл» деп аталып жүрген туған ауылымның түтіні, тамылжыған табиғаты, анамның дәмі тіл үйірер бауырсақтары және бауырларыммен аулада доп қуалап жүрген әдемі сәттер көз алдыма келеді. «Балалы үй мереке, балалы үй береке», -дейді ғой. Олай болса, мен берекелі шаңырақта өстім, өйткені, біз үйде алты ағайынбыз. Мен ортаншысымен. Көпшілмін. Қонақжаймын. Басты байлығым - менің отбасым және достарым.

Өзімнің сүйікті фильмім «Менің атым Қожадағы» кейіпкерді айтып отырмын. Мен сол Қожаға еліктеп өстім. Құрдастарым оны сотқар, бұзақы дейтін, мен Қожа мейірімді, аңғал бала деп ақтам алатынмын. Кино көргенді ұнатамын. Әлі күнге дейін «Көксерек» пен «Менің атым Қожаны» бірнеше қайталап тамашалай беремін. Әрбір көріністі, диалогты жатқа білемін. Бала кезімде Қожа сияқты ғарышкер болғым келді, Құрмаш сияқты қасқырды қолға үйретем дедім. Оның барлығы балалық балғын арман ғой. Ал ер жетіп,оң –солымды танығанда, қай салада қызмет ететінім айдан анық болды. Мен атамның кәсібін нәсіп етемін деген шешім қабылдадым. Атамның көзін көрген жоқпын. Бірақ, әкем үнемі оның өмір жолы, жетістіктері мен ұстанымдары туралы мақтанышпен әңгімелеп отыратын. Атаңа ұқсасаң,осал болмайсың дейтін.

Менің атам мұнайшы. Ол сонау Ұлы Отан соғысы кезінде мұнай саласында еңбек етіп, «қара алтынды» майданға жіберіп отырған тыл ардагері. Ал сұрапыл соғыстан кейінгі жылдары, мұнайды айдайтын арнайы құрылғы істен шыққанда, атам оның құбыршегін ұстап қалып, апатты жағдайдың алдын алған көрінеді. Осы ерен ерлігі үшін де талай марапатқа ие болған. 82-ші жылы мен дүниеген келдім, дәл сол жылы әкем Саратовта оқуын тәмәмдап, дипломын алған екен. Әкем де мұнай саласының маманы.Қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр. Міне, мен де ата кәсіпке адалдық таныттым,әке жолын қудым. Ағайындарым да осы мамандықтың тізгінін ұстаған. Біз мұнайшылардың әулетіміз.

2004-ші жыл мен үшін табысты болды. Біріншіден, асыл жарыммен отау тігіп, шаңырақ көтердім. Екіншіден, компанияға жұмысқа келдім. Өз қызметіме алғаш кіріскен сәт есімнен кетпейді. Қатты қобалжығаным бар. Бірақ, маған қызметтестерім көмектесті. Жылы шыраймен қарсы алып, білгенімен бөлісіп, қолдау көрсетті. Үлкенге -құрмет, кішіге-ізет таныту.Міне, біздің компаниядағы басты ұстаным осы.Мұндағы қызметкерлер үлкен бір механизмнің маңызды бөлшегі іспеттес. Әрқайсының өз рөлі бар.

Біздің компания туралы фильм түсірілсе, ондағы басты тақырып -жанашырлық, бірлік және адамгершілік болатын еді.

Адамды арман алысқа жетелейді. Армансыз адам-қанатсыз құспен тең. Менің арманым –отбасыммен бірге еліміздің керемет жерлерін аралау,саяхат жасау.

Жұмысқа қуанышпен барып, үйіне дәл сондай қуанышты күймен оралатын жан – бақытты. Ал мен мамандық таңдау мен жар таңдаудан жаңылыспаған өте бақытты адаммын.

В номинации «Электрогазосварщик»

Рашид Бактыгалиев
Рашид БАҚТЫҒАЛИЕВ: «Бала кезден темір-терсекке үйірмін»


«Кәсібіңе деген сүйіспеншілік болмаса, жетістікке жету қиын. Табыстың кілті – осында». Бұл - еңбек жолын дәнекерлеуші болып бастаған атыраулық Рашид Табылдыұлы Бақтығалиевтің ұстанымы.

Ол – «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамында 5 дәрежелі дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. 2019 жылы «Үздік маман» конкурсының екінші турында «5 дәрежелі дәнекерлеуші мамандығы» бойынша 1 орын алған.

Рашид Табылдыұлы 1983 жылы Жайық жағасындағы әсем қала – Атырауда дүниеге келген. Балалық шағы мен студенттік кезі де осы шахарда өтті. Ол еңбек жолын да өзінің туған жерінде бастады. Араға 19 жыл салып, сәл шегініс жасасақ...

«2000 жылы орта мектепті аяқтаған соң, Атыраудағы Көлік және байланыс колледжіне «газ дәнекерлеушісі» мамандығы бойынша оқуға түстім. Колледждегі оқуымды аяқтаған соң Атырау мұнай және газ институтында «мұнай және газ өңдеу» мамандығы бойынша оқып, жоғары білім алдым. Бұл екі оқу орнында білім алу менің өмірдегі мақсаттарымды одан әрі айқындай түсті. Еңбекке деген жаңаша көзқарасымды қалыптастырды», - дейді ол.

Еңбек жолын енді бастаған жас маманға тәлімгердің қамқорлығы ауадай қажет екені белгілі. Бұл істі өз жауапкершілігіне арналған Асхат Табылдыұлы - біздің кейіпкеріміздің бауыры. Ағайынды жігіттердің еңбек, өмір жолдары тамшыдай ұқсас. Олардың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлесе еңбек етуі көпшілікті қызықтырған. Асхат інісі Рашидты оқуын бітірісімен қамқорлығына алып, дәнекерлеуші мамандығының қыр-сырын барынша үйреткен. Міне, осылайша Рашидтің еңбек жолы басталды.

«Дәнекерлеуші маман ретінде жұмыс істеп жүргеніме 15 жылдай болды. Алғаш рет жұмысқа орналасқан сәтте ағам Асхаттың үйреткен тәжірибесі көп көмегін тигізді. Мен ағамды өзімнің тәлімгерім деп білемін. «Ағасы бардың жағасы бар» деген қазақтың қанатты сөзі осындайда айтылса керек. Ол маған дәнекерлеуші кәсібін жанашырлықпен, табандылықпен үйретіп, менің маман ретінде қалыптасуыма барынша атсалысты. Сол үшін де оған ерекше құрметпен қараймын. Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясында кәсіби мамандардың қатарынан көрініп жүруіме ол барынша себепші болды. «ҚазТрансОйл» мекемесі - еліміздегі мұнай тасымалын жүзеге асыратын ұлттық оператор», - дейді Рашид Табылдыұлы.

Расымен, қаншама қазақстандықты жұмыспен қамтып отырған алып компания қазір ғажап жетістіктерге жеткен. Қазақстан мұнайының транзитін жүзеге асырушы Ресей, Украина, Белоруссия және Әзербайжан, Қытай мұнай тасымалдау компанияларымен берік серіктестік қатынас орнатқан. Мұнай құбырларының өткізу қабілеті ұлғайған.

Рашидтен дәнекерлушінің жұмысы ауыр ма деп сұраған едік... «Жұмыстың жеңілі бар ма?» - дейді сұраулы жүзбен. «Ер жігіт – еңбегімен елеулі. Сондықтан шама-шарқың жеткенше аянбай, тер төгіп қызмет қылу керек деп ойлаймын. Мен бала кезден темір-терсекке үйір болдым. Сол қызығушылығым маған қазір пайдасы тиіп жатыр. Неге десеңіз, дәнекерлеуші темірдің қыр-сырын жақсы білуі тиіс. Сондай-ақ газдың құрамы, қасиеті туралы хабардар болуың керек. Қолың, аяғың, бүкіл денең икемді, ыңғайлы болмаса, көзің дұрыс көрмесе дәнекерлеуші мамандығымен қоштаса беру керек. Сондықтан да мен дәнекерлеушіні зергерлермен теңестіремін».

Міне, өз ісін жетік білетін мамандар осылай нық сөйлейді.

«Өмірдегі басты ұстанымың қандай?» деген сұраққа ол: - Мақсат қоя білу. Жауапкершілік. Адалдық. Осы үшеуін бойымда қалыптастырдым деп ойлаймын. Мақсатыма жету үшін міндет қоямын. Міндеттерімді орындау үшін уақытты тиімді пайдаланамын. Уақыттың әр сәтіне жауапкершілікпен қараймын. Жауапкершілік болған жерде адалдық қатар жүрмесе, істің бәрін бекер деп санаймын. Бұл қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Бір-бірімен ұштасып жатпаса, өмірлік қағидатың да өз дәрежесінде болмайды, - деп жауап берді.

Әріптестері де кейіпкерімізді еңбекқор, бастамашыл, өз ісінің майталманы ретінде бағалайды. Ол еңбек ұжымының мүшесі ретінде ғана емес, үміт артылған азамат ретінде ортасына сыйлы әрі құрметті.

Бүгінгі күні үш ұл тәрбиелеп отырған Рашид Табылдыұлы өзінің осындай жақсы қасиеттерін жары Таямен бірге ұлдарының да бойына сіңіреді деп сенеміз.

В номинации «Электромонтер по ремонту и обслуживанию электрооборудования»

Антон Ползяков
Антон Ползяков: «Важно не только строго следовать инструкциям, но и понимать друг друга с полуслова»


Возраст: 27 лет

Стаж работы в АО «КазТрансОйл»: 8 лет

Профессиональные победы: в 2014 году – 1 место во 2 туре и 2 место в 3 туре конкурса «Лучший по профессии»; в 2015, 2017, 2018 годах - 1 место конкурса «Лучший по профессии». В 2019 году-1 место в 3 туре.


Когда в конкурсе участвуешь, много нового узнаешь. Приезжают коллеги с других регионов, общение с ними ценно. Это же, по сути, опыт.

Мой отец Юрий Вячеславович работает в компании. Теперь и я. Работа мне нравится. Считаю, что это чисто мужская работа.

Всё четко. Минутка по технике безопасности. Задание, расписанное начальником. И вперед. Каждое действие, каждый шаг – все по инструкции. Мы работаем с высоким напряжением...

Нас в команде 10: 5 монтеров и 5 инженеров. В командировки нас отправляют по 2 человека. Я неукоснительно выполняю задания, которые дает инженер. Тут важно не только строго следовать инструкциям, но и понимать друг друга с полуслова.

Работать было бы сложнее и времени больше уходило без современных приборов, которыми мы сейчас пользуемся. Они нам облегчают задачи.

Я лучше договорюсь на словах. Руками размахивать можно только при крайних мерах, когда тебя совсем не понимают. Я больше дипломат.

Может, кто-то и не задумывается в повседневной рутине, но мы вопросами охраны экологии задаемся каждый день. У нас все строго. Каждая мелочь сортируется по специальным контейнерам.

30 минут перед сном. На работе-то некогда. Дома тоже. Дом у нас большой, есть огород, дел хватает. В интернете в основном читаю новости. Телевизор почти не смотрю.

Счастье – возвращаться домой. Дочка Ангелина бежит ко мне и сразу вешается на шею. Я ее не ругаю, это может произойти очень редко. Поэтому слушается и побаивается она больше мамы.

Домашняя. Такой должна быть женщина. А мужчина должен работать и приносить доход.

У нас есть семейные альбомы. Когда смотрю их, вспоминаю детство, как на дачу к бабушке и дедушке ездили на каникулах. Они нас баловали.

Рыбалкой увлекаюсь много лет. Самый большой улов – это 25-килограммовый сом. Сейчас у нас водится мало рыбы, если честно.

Страница есть только в инстаграме. Выкладываю фото разных моментов из жизни. Подписчиков мало. В основном, родные и друзья. Популярность мне не нужна. Хвастаться не люблю. Счастье любит тишину.

В номинации «Слесарь по ремонту и обслуживанию технологического оборудования (технологических установок)»

Нурмуханбетали Лукпанов
Нұрмұханбетәлі ЛҰҚПАНОВ: «Техниканың тілін білу – заман талабы»


Мамандығына деген адалдық бала күнгі арманынан бастау алған жандар аз емес. Арманын ақиқатқа айналдырып, оқу орнына түсіп, қалаған мамандығының иесі атанған Нұрмұханбетәлі Ардақұлы Лұқпановты солардың қатарынан көруге болады. Мұнайшы деген абыройлы мамандықтың иесі атанған Нұрмұханбетәлі Ардақұлының еңбек жолы замандастарына үлгі боларлықтай.

Ол – «ҚазТрансОйл» АҚ технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь болып жұмыс істейді. «Үздік маман» конкурсының екінші турында «Технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша сілесірі» мамандығы бойынша 1 орын алған.

Мұнайлы өңірде дүниеге келген баланың арманы да өзі өскен ортамен тығыз байланысты болды. Көзтартарлық кәсіби форма киген, үнемі көңілді жүретін ауыл ішіндегі мұнайшы ағалардай болуды Нұрмұханбетәлі Ардақұлы дүниеге келген Маңғыстау облысының Құрық ауылындағы талай қарадомалақ бала армандағаны сөзсіз. Қара алтынның түсіне қанық болып өскен балалардың қатарында болған ол 2005 жылы Маңғыстау политехникалық колледжіне оқуға түседі. Оқу орны орналасқан теңіз жағасындағы қаланың тыныс-тіршілігі де Нұрмұханбетәлі үшін аса таңсық емес еді. Мұнайшылардың бірнеше династиясы мекен ететін бұл қаланың атмосферасынан да мұнай саласының кәсіби ортасы ерекше сезілетін. Осының барлығы студент Нұрмұханбетәліге тек жақсы жағынан ықпалын тигізді.

«Мен оқуға 9-ыншы сыныптан кейін түстім. Оқуда белсенді қатарды жастардың қатарынан табылдым. Білім алумен қатар, тәжірибелі ұстаздардың тәрбиесін де бойыма сіңірдім. Ақылшы болған ұстаздарыма алғысым шексіз. Оқу оқып жүріп, арасында үзіліс жасап, әскерге де барып келдім. Сарыарқаның төсіндегі Қарағанды қаласында әскери борышымды өтедім. Ер азамат ретінде борышымды өтеген соң, оқуымды тәмамдадым. Еңбекке араластым. Сөйтіп, кәсіби борышымды адал атқаруға кірістім», - дейді Нұрмұханбетәлі Ардақұлы.

Еңбектен қол үзбей жүріп, колледждегі білімін жоғары біліммен жетілдіру үшін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетіне «мұнай-газ ісі» бойынша оқуға түседі.

Нұрмұханбетәлі кішкентайынан кез келген механизмді шашып-жинауға шебер зерек бала болыпты. Әкесі сыйлаған велосипедті де, бұзып, қайта жөндеуге ерінбейтін. Сол бала кезден қалыптасқан қабілеттің әсері болса керек, қазір Нұрмұхаметәлі сорапты сапалы жинаудан алдына жан салмайды. Сызбасын сызып, формулаға салып, есептеп, барлық ереже, қағиданы сақтап, жұмысты асқан ұқыппен істейді.

«2010 жылғы наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясына технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь болып жұмысқа орналастым. Алғаш рет жұмысқа орналасу - жас мамандар үшін өте үлкен сынақ. Теорияны практикамен ұшастыратын тұсымыз да осы. Істі неден бастау керектігін білсең де, көп нәрседен тартынып тұратының тағы бар. Осындай кезде маған ұжымдағы білікті мамандар көмекке келді. Мәселен, бұл ретте Жамбыл Серікұлына қарыздармын. Мен еңбек ететін «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясы мамандардың біліктілігін арттыруға аса мән береді», - деп, Нұрмұханбетәлі компанияның маман болып қалыптасуындағы рөлін ерекше атап өтті.

Нұрмұхаметәлі өз ұжымымен бірге агрегаттарды күрделі жөндеуден өткізеді. Олардың тоқтап қалмауын қадағалайды. Жаңа инновациялық дүниелерді үйренуден жалықпайды. Өйткені ол техниканың тілін білу заман талабы екенін терең ұғынады. Сол үшін де біліктілігін көтеретін түрлі курстарға қатысады. Ізденісі нәтижесіз емес.

Француз философы Вольтер айтады: «Жұмыс бізді үш түрлі зор қырсықтан: зерігуден, кемшіліктен және мұқтаждықтан құтқарады. Және ешқашан үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды». Біздің кейіпкеріміз Нұрмұхамедәлі Лұқпановты да алға жетелейтін, жігерлендіретін - осы мәселе.

В номинации «Слесарь по контрольно-измерительным приборам и автоматике»

Айдар Амангалиев
Айдар АМАНҒАЛИЕВ: «Жұмысты жаңа бастағанда алып ашық мұхитқа шыққан бағдарсыз кеме сияқты сезімде болдым»


«Мен жұмысымды адал атқаруға бар күш-жігерімді саламын. Қай қай істе де тиянақтылық маңызды. Сондықтан жұмыстан кейін өз-өзіме есеп беремін. Қате-кемшіліктерімді саралаймын». Еліміздегі аса ірі компания «ҚазТрансОйл» мекемесінің қызметкері Айдар Сәрсенғалиұлының күнделікті дағдысы бұл. Осы бір жинақы мінезінен болар, ол - өз ұжымында сыйлы, абыройлы.

Айдар - «ҚазТрансОйл» компаниясында «бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі болып жұмыс істейді. Осы жылы «Үздік маман» конкурсының екінші турында «БӨА және А сілесірі» мамандығы бойынша 1 орын алған.

Айдар Сәрсенғалиұлы - мерейлі отбасының тұңғышы. Әкесі - жеке кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер, анасы – ұстаз. Ынтымағы жарасты берекелі әулетте тәрбиеленген Айдар еңбекке ерте араласты. Атырау мұнай және газ институтын «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, «инсталятор» болып жұмыс істеді. Ал 2015 жылы өз білім-білігімен конкурсқа қатысып, нәтижесінде «бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі ретінде «ҚазТрансОйл» компаниясына орналасты. Бұл мекеме - Қазақстан Республикасында магистральды мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және оларды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық оператор.

«ҚазТрансОйл» мекемесінде еңбек ету - мен үшін үлкен мақтаныш. Еліміздің мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге өз үлесімді қосып, алған білімім мен тәжірибемді елімнің игілігіне жұмсау басты мақсатым деп түсінемін. Жұмысты жаңа бастағанда алып ашық мұхитқа шыққан бағдарсыз кеме сияқты сезімде болғаным рас. Бірақ біздің бөлімшенің инженері, тәлімгерім Николай Устюжанин білмегенімді сабырмен үйретіп,істің барысын мұқият түсіндірді. Ұжымдағы жетекші мамандармен тығыз кәсіби байланыс орнатудың маңыздылығын да Николай ағадан сіңірдім. Ол кісінің талабы да қатал. Одан мен істеп жүрген жұмысымның аса жауапты екенін ұғындым. Егер мен компаниядағы табысты мамандар қатарынан көрініп жатсам, ол Николай ағам берген тәлім-тәрбиенің жемісті нәтижесі», - дейді Айдар.

Біз ғылым мен технологияның қарыштап, жарық жылдамдығымен дамып, жаңарып жатқан ғасырда өмір сүрудеміз. Жаңа технологиялар мұнай тасымалдау саласына да енгізілуде. Мәселен, бүгінгі таңда бұрын адам қолымен істелетін қара жұмыстардың біразы автоматтандырылған, бір тетікпен басқарылады және ол жүйе жыл сайын жаңарады. Инновациялық технологиялардың арқасында қазір құбырда қанша мұнай барын, компьютермен-ақ бақылап, білуге мүмкіндік бар. Міне осы жүйенің үздіксіз жұмысын Айдар сынды мамандар қадағалап, тексеріп, кем-кетігін түзеп, қажет тетігін бұрап, құрғаған тұсын майлап отырады. Заманға ілесу, жаңалықтарды игеру – деген осы.

«Кәсібилік бірден қалыптаспайды. Тәжірибе мен ізденіс қана шебер маман болуға жетелейді. Ол үшін адамның өзі де ерінбей, уақытын тиімді пайдаланып, әрдайым үйренуге ынталы, талпынысы мол болуы керек деп ойлаймын».

Айдардың еңбек жолында табысқа жетуіне отбасының да қосқан үлесі зор десек болады. Әрдайым оның идеяларын қолдап, тілеуқор болып отыратын жандардың есімін біз де білуіміз керек.

«Жарым Самал маған ақыл қосады, ойыма қолдау білдіреді, жұмысымның кедергісіз іске асуына себепші болып келеді. Кішкентай Айша мен Аян есімді ұл-қызымыздың да бабын тауып, өзі де қызмет етіп жүр. Еңбекте де, отбасында да табысты болу үшін мақсаттарыңның дұрыс қойылып, нәтижеге қол жеткізуде ерінбей еңбек ету керек. Біздің отбасымызда осы қағида берік бекіген», - дейді ол.

Еңбекке енді араласқан, ортасының қамқорлығын сезініп үлгерген жас мамандардың осылай ой түйгені кімді де болсын қуантады. Расымен де, отбасындағы құндылықтар, еңбектегі жауапкершілік, жас маманға қамқор тәлімгер, үнемі қолдап жүретін әріптестер, көтермелеп отыратын басшылар кез келген еңбек адамының ертеңіне сенім береді.