KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Сауалнама

2023 жылдың соңында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтерін тұтынушыларға бір жыл ішінде жоспарлы сауалнама жүргізу негізінде жүргізілген «ҚазТрансОйл» АҚ көрсететін қызметтердің сапасын бағалау қорытындысы шығарылды.

Алынған сауалнамаларды талдау нәтижесінде тұтынушылардың көрсетілген қызметтердің сапасына қанағаттануының жалпы дәрежесі * төмендегідей екені айқындалды:

  • магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау бойынша - 100%; 
  • қазақстандық мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру бойынша (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) - 100%;
  • сырт ұйымдарға тиесілі магистральдық мұнай құбырларын пайдалану бойынша - 98%;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы шеңберінде су құбырларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша - 100%.

Бұл ретте, «ҚазТрансОйл» АҚ көрсететін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша қызметтерді тұтынушылармен кері байланыс қағидаты бойынша өзара қарым-қатынас орнатылғанын атап өткен жөн, бұл өз кезегінде тұтынушылардың ұсыныстары туындаған жағдайда оларға уақытылы және тиісті түрде ден қоюға мүмкіндік береді.

* Есеп «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен (2019 жылғы 12 маусымдағы № 11 отырыс хаттамасы) бекітілген «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтерін тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылды.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
 

ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін, «ҚазТрансОйл» АҚ-та қолданылатын сапа менеджменті жүйесі шеңберінде, Компания көрсететін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Сіздерден қоса берілген сауалнамаларда көрсетілген сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз. Сұрақтарға жауап беру кезінде аталған мәселелер бойынша объективті баға бере алатын, «ҚазТрансОйл» АҚ-пен тікелей жұмыс істейтін персоналдың пікірін ескеруді сұраймыз. Біздің қызметтерімізге қаншалықты қанағаттанғаныңыз туралы сенімді ақпарат бізге оларды ұсыну сапасын арттыруға көмектеседі.

Уақыт бөлгеніңіз үшін және қызметтерімізді жақсартуға көмектескеніңіз үшін алдын ала алғыс білдіреміз.


Серiктестер