KZTO 836,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

«ҚазТрансОйл» АҚ-та ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) пайдалану шығындарын төмендету және энергия тиімділігі көрсеткішін арттыру мақсатында Қоғамның магистральдық мұнай құбырларының өндірістік объектілерінде прогрессивті ресурс-және энергия үнемдейтін (оның ішінде ғылымды қажетсінетін) технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында жүргізіледі.

ҒЗТКЖ өткізу жөніндегі іс-шараларды жалпы үйлестіруді «ҚазТрансОйл» АҚ-та ҒЗТКЖ өткізу жөніндегі бағдарламаға сәйкес Қоғамның ғылыми-техникалық даму қызметі жүзеге асырады. Бағдарлама Қоғамда өткізуге жоспарланған ҒЗТКЖ тақырыптарының тізімін, сондай-ақ оларды қаржыландыру мерзімдері мен көлемін қамтиды.

ҒЗТКЖ «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының (ЗӘО филиалы) өз күшімен де, үшінші тарап мердігерлік ұйымдарын тарта отырып та орындалады.

ҒЗТКЖ жүргізумен айналысатын ЗӘО филиалының бөлімшелерінің құрамына 3 (үш) ғылыми-зерттеу зертханасы және 1 (бір) стандарттар және инновациялар бөлімі кіреді.

Ғылыми-зерттеу зертханалары:

  • 1. Мұнай және мұнай өнімдерін зерттеу зертханасы;
  • 2. Физика-химиялық зерттеулер зертханасы;
  • 3. Коррозия зертханасы;

Зертханалар МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестігіне аккредиттелген.

ЗӘО филиалының зертханалары Қоғамның өндірістік қызметінде анықталған проблемалар мен тәуекелдерді шешу үшін келесі бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді:

  • мұнай мен мұнай өнімдерінің физика-химиялық сипаттамалары мен реологиялық параметрлерін және парафинді тұндыру процестерін зерттеу;
  • реагенттердің физика-химиялық сипаттамалары мен тиімділігін зерттеу;
  • магистральдық құбырлардың учаскелерін, мұнай айдау станцияларының технологиялық құбырларын және олардың коррозиялық және техникалық жай-күйін анықтау үшін резервуарлық паркті тексеру;
  • технологиялық процестерде қолданылатын мұнай мен судың коррозия ингибиторларына сынақтар жүргізу;
  • судың физика-химиялық сипаттамаларын және топырақтың коррозиялық күйін зерттеу;
  • құбырлардың электромеханикалық параметрлерінің топырақтың физикалық қасиеттері мен коррозиялық күйіне тәуелділігін зерттеу;
  • топырақтың/судың сапалық сипаттамаларының өзара әсерін және құбырдың ішкі/сыртқы бетінің техникалық жағдайын зерттеу;
  • магистральдық мұнай құбырларының өндірістік объектілерінің жабдықтары мен құрылыстарындағы коррозиялық процестерді зерттеу.
Стандарттар және инновациялар бөлімі:
Стандарттар және инновациялар бөлімі келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуде:
  • ҒЗТКЖ бойынша бағдарламаға сәйкес ғылыми-техникалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асыру;
  • өндірістік объектілерде жаңа жабдықтар мен техниканы сынау бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу, техникалық-талдамалық жұмыстардың нәтижелері бойынша өндірістік объектілерде жаңа жабдықтарды енгізу мақсатында сынақтар жүргізуді бақылау және мониторингтеу;
  • нормативтік-техникалық құжаттар, стандарттар базасын дамыту және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру.

2024 жыл ішінде ЗӘО филиалының ғылыми-зерттеу зертханалары Алматы қаласынан Ақтау қаласына (Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы) көшіріледі. Өз кезегінде, ЗӘО филиалының стандарттар және инновациялар бөлімі Астана қаласына көшірілді.

Серiктестер