KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбыры учаскелерін қайта жаңартуды жүргізді

 11.07.2022    2016
«ҚазТрансОйл» АҚ «Шолақ-Қорған» БМАС-та жаңадан салынған тазалау құрылғысын қабылдауды іске қосу камерасын қосу, «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 1432,992 км, 1433,464 км учаскелеріндегі санкцияланбаған ойып кіруді және 1432,186 км вантузды жою бойынша жұмыстарды орындады.

Қосу және бөлшектеу бойынша іс-шараларға Шымкент, Атырау, Павлодар, Қарағанды және Жезқазған мұнай құбыры басқармаларының жұмыскерлері, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің, мұнай тасымалдауды басқару орталығы филиалының бас диспетчерлік басқармасының, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ТЖ департаментінің мамандары қатысты.

Монтаждау жұмыстарын орындау кезінде «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 96 сағатқа жоспарлы тоқтауы жүзеге асырылды. Барлық жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, мерзімінде аяқталды.
  
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Серiктестер