KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы әйелдер қауымын Халықаралық 8-наурыз мерекесімен құттықтады

 07.03.2024    1518

«ҚазТрансОйл» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде мыңнан астам әйел жұмыс істейді. Олардың арасында басқару бөлімшелерінде, өндірісте, кеңседе жұмыс істейтін нәзік жандылар жетерлік.

8 наурыз қарсаңында Астанадағы орталық аппаратта компания басшылығының атынан Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Оңғарсынов және құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы директор Жайдарман Исаков барлық қыз-келіншектерді келе жатқан 8 Наурызымен құттықтап, оларға зор денсаулық, көктемгі жақсы көңіл-күй мен амандық тіледі.


 

Аймақтық құрылымдық бөлімшелерде де нәзік жанды әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады. Оларды таңертең ерекше атмосфера күтіп тұрды.

Ұжым атынан «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қыз-келіншектерін  8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер