KZTO 843,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 80 миллион теңге шамасында астам қаражат жинап жіберді

 04.04.2024    792
Еліміздің бірқатар өңірлерінде су тасқынына байланысты қалыптасқан қиын жағдайға орай  «ҚазТрансОйл» АҚ және оның бірлескен бақылаудағы еншілес ұйымдары – «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «МұнайТас» ЖШС, «Магистральдық Суағызғысы«ЖШС қызметкерлері ауыр сәттерді бастан кешіп жатқан жерлестеріне көмектесу үшін ниет білдірді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін компанияның 5 мыңнан астам қызметкері 80 миллион теңге шамасында қаражат жинады. Жиналған қаражат су тасқынының зардаптарын жою және тұрғындарға көмек көрсету үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жіберілді. Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің бірқатар өңірлерінде зардап шеккендерге үй салуға қолдау көрсетпек. Көрсетілген көмектің нәтижесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ағымдағы кезеңдегі есебінде көрсетіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері табиғи апат салдары жуық арада еңсеріледі деген үміт білдіруде
Реакция:
Серiктестер