KZTO 843,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге уақытша баспана берді

 05.04.2024    930
«ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы еліміздің бірқатар өңірлерінде су тасқынының салдарын жоюға бағытталған іс-шараларға белсене қатысып жатыр. Атап айтқанда, «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Темір ауданынында толығымен су басқан Құмсай ауылының тұрғындарына көмек көрсетті.

Су басқан аймақта баспанасыз қалған екі отбасының мүшелеріне уақытша тұру үшін екі тұрғын вагон берілді. Сондай-ақ, басқарма тарапынан табиғи апат салдарымен күресу үшін арнайы техникамен қамтамасыз ету жұмыстарына жан-жақты көмек көрсетілуде. Компания қызметкерлері қазіргі уақытта көмекке мұқтаж адамдарға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр.

Өз кезегінде «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының жас мамандары жолдарды судан тазартып, зат тасып, зардап шеккен тұрғындар мен аймақтағы құтқарушыларға ыстық тамақ әзірлеп жеткізді. «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының жас мамандары зардап шеккендерге керек-жарақтар мен азық-түлік сатып алу үшін жұмылып, көмек көрсетті. «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының жас мамандары да әріптестеріне қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп жатыр.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде су тасқынына байланысты болып жатқан жағдайға орай «ҚазТрансОйл» АҚ, оның ішінде еншілес және бірлесіп бақылайтын ұйымдар – «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «МұнайТас» ЖШС, «Магистральдық суағызғысы» ЖШС қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен жерлестеріне көмектесуге ниет білдірді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін компанияның 5 мыңнан астам қызметкері 80 миллион теңгеге жуық қаражат жинады. Жиналған қаражат су тасқынының зардаптарын жою және тұрғындарға көмек көрсету үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жіберілді.


Реакция:
Серiктестер