KZTO 843,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар үшін 34 бірлік арнайы техника ұсынды

 08.04.2024    983
Атырау облысының Құлсары қаласындағы Жайық өзенінде және Жем өзенінде жағалау бекіністерін қалпына келтіру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 34 арнайы техникасы жұмылдырылды: атап айтқанда 13 самосвал, 7 фронтальды тиегіш, 1 жылжымалы отын құюшы, 3 пикап, 1 трал, 1 бульдозер, 4 экскаватор, 1 КАМАЗ (АРМТ), 1 тиегіш, 1 УАЗ, 1 экскаватор-тиегіш.

5-8 сәуірге дейін Жайық өзенінің жағалау бекіністерін қалпына келтіру жұмыстары аясында топырақ әкелу бойынша 535 рейс жүзеге асырылды, 2070 метр жағалау бекінісі қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда.

Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстарға «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 44 қызметкері қатысуда.  

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына шамамен 80 млн теңге аударды.
 
Реакция:
Серiктестер