2 мамырда елордада «ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ғазиз Қошановтың төрағалығымен өтті.
Іс-шараға «ҚазТрансОйл» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры Абай Иманғалиев, «ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық даму қызметінің басшысы Қадырбек Латифов, «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының және жекешеленген құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы жетекші шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатысты.
Отырысты өткізудегі мақсат – компанияның мұнай тасымалдау, мұнай құбырларын пайдалану және басқа да инновациялар саласында жаңа технологияларды енгізу жөніндегі ұсыныстарын қарастыру болды.