KZTO 839,30 (-0,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,30 (-0,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдағы қызметі бойынша тұтынушылар алдында есеп берді

 25.04.2024    680
2024 жылдың 25-ші сәуірінде «ҚазТрансОйл» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2023 жылға қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуі туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.  

Аталмыш шара «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасы) міндетін атқарушы – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов төрағалық етті.

Қоғамдық тыңдаға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, сервистік тұтынушылардың және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның басқа да өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты – жариялылықты қамтамасыз ету, тұтынушылар мен «ҚазТрансОйл» АҚ мүдделерінің теңгерімін сақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту және компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.





 
Реакция:
Серiктестер