KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Павлодар мұнай құбыры басқармасында өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді

 05.04.2024    1667
Наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасына қарасты «Павлодар» бас мұнай айдау станциясында  ерікті-өртке қарсы құрылым  мен «Зевс Энерго» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі мамандары бірлесіп,  әкімшілік тұрмыстық үй-жайында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығулар өткізді.
 
Жаттығулардың мақсаты – жарылыс-өрт қаупі жоғары  нысандардағы тілсіз жауды сөндіру барысындағы әрекеттерін жетілдіру, станцияның ерікті-өртке қарсы құрылымы мен өрт сөндіру бөлімінің кезекті қарауылының  келісімі мен өзара әрекетін   шыңдау, әкімшілік тұрмыстық ғимараттағы шартты отты ауыздықтау бойынша  жаттығуларға қатысушыларды тәжірибелік әрекеттерге үйрету және жаттықтыру болып табылады. 
 
– Жаттығулар қорытындысы бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері мен «Павлодар» станциясының мамандары алға қойған мақсатқа қол жеткізді. Ұйым өртті ескерту және сөндіру тапсырмаларын орындауға дайын екендіктерін көрсетті, - дейді «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженері Ермек Байзақов.
 
Аталмыш оқу-жаттығуларға он жеті адам қатысты.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер